Бизнес пікірі мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары негізіне алынады
Бүгінде мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары жұмыс істемейді және неліктен іске аспай отыр? Бұл мәселе «Шағын және орта бизнестің дамуы Президенттің назарында» республикалық конференциясы барысында талқыланды
Іс-шараны ашқан «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев бүгінде жұмыс істеп тұрған, бірақ жаңартуды талап ететін бизнеске арналған 50-ден астам мемлекеттік қаржылай қолдау шарасы барын айтты. Олар субсидиялар, гранттар және т.б.
«Біз барлық шаралардың тиімділігін бағалауды жоспарлап қойдық. Атап айтқанда, қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына өзгертулер енгізу көзделген. Енді бизнестен ұсыныстар алудың кезі келді. Экономика үшін қолдау шаралардың барлығы бірдей пайда әкеп жатпағанын көріп отырмыз», – деп мәлімдеді Олжас Ордабаев.
«Атамекен» бүгінде мемлекеттік қолдау шараларының қайсысы тиімсіз және бизнеске нақты не қажет екенін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Төрт күн ішінде 660 бизнесмен пікірін білдірді.
Талдауға сәйкес, гранттар, несиелер және лизинг бойынша мөлшерлемелерді субсидиялау, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту түріндегі қолдау жоғары сұранысқа ие екені анықталды. Бизнес өкілдерінің пкірінше, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кеткен шығындарды өтеу; аумақтық кластерді дамытуға бағытталаған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығандардың бір бөлігін өтеу және басқа да қолдау шараларының тиімділігі төмен.
«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаевтың пікірінше, ақшалай-несиелік саясат қажетті тиімділікті беріп отырған жоқ. Сарапшы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы нәтижелерін талдай келе осындай ойға келген.
«Біз фискалды саясат шараларымен, яғни салықтар, трансферттер есебінен ұлттық қордан қаражат арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялауымыз секілді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қосалқы бағдарлама десе болады. Бұл субсидияларды кәсіпкерлер емес, банктер алып отыр. Негізінен оны «банктердің субсидиясы» деп атауға әбден болады», – деді Рахым Ошақбаев.
Осылайша, сарапшының пікірінше, мемлекет төмен пайыздық мөлшерлемені бермейтін, бірақ девальвациялық болжамдарды өршітетін және бюджеттің қаражаты есебінен бизнеске көмектескісі келетін тиімсіз монетарлы саясатпен күресуде.
«Талап» орталығы жүргізген талдаудың нәтижесі бойынша (Бизнестің жол каратасы-2020» бағдарламасының қамтуы айтарлықтай төмен, барлық кәсіпкерлік субъектілерінің небәрі 0,4%. Бағдарлама 1,5 млн бизнес субъектісінің ішінде 13 мың субъектіге көмектескен.
«Барлығы жаппай субсидияланады, бұл дұрыс жағдай емес. Одан шығатын қорытынды: «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бұл ағымдағы несие-ақшалай қаражаттың дисфункциясы. Әзірге оны түзеу үшін бірде бір дабылды естіп отырғанымыз жоқ. Келесі жылы сәтті аяқтауымыз керек «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында 4 индикатор бар: өңдеу өнеркәсібі үлесін ең кемі 12,5%-ға жеткізу, ШОБ шығарылымы көлемін арттыру және т.б. Осы ретте белгіленген төрт индикатордың үшеуі жүзеге аспайды деген тәуекел бар. Сондағы ұйғарым – бағдарламаның өзінде, немесе индикаторларында, немесе, егер бағдарлама әзірлеушілері белгілеген индикаторлар бойынша жүзеге асырылуын қамтамасыз ете алмаса, демек іске асуында гәп бар», – деді Рахым Ошақбаев.
Спикерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев қолдады. Ол Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бірде бір индикатор жүзеге аспағанын, ал ауыл шаруашылығы экономика драйвері болмай, тіпті ЖІӨ-де ауыл шаруашылығы үлесін бір деңгейде ұстай алмай отырғанын айтты.
Нұржан Әлтаев сектор дамуының негізгі проблемасы деп бизнестің арзан несиелермен шамадан тыс қамтылуын белгіледі.
«Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық банкімен бірге отырып, аталған мәселені шешу қажет. Сонымен қатар «ҚазАгро» ұлттық холдингі – бүгінде шаруалар ғана қаржыландыру ала алатын бірыңғай терезеге айналған, және бұл дұрыс емес. Бір жағынан жеке бастамалар «тапталып» жатыр, және «Қаз Агроға» ауыл шаруашылығына тікелей инвестиция жасаудан жеке секторды, соның ішінде екінші деңгейлі банктерді тартуға көшу керек», – деді депутат.
Нұржан Әлтаев субсидиялау шарттарын үнемі өзгерту салдарынан бизнес өкілдері бағдарламадағы өзгерістер соңынан үлгере алмайтынын айтты.
Осы фактіні «Қазақстан ауыл шаруашылығы кооперативтері ұлттық одағының» Президенті Мырзахмет Өксікбаев та тілге тиек етті.
«2017 жылы шаруалардың кең ауқымын қамтыған, бірнеше мемлекеттік қолдау түрлері бар жақсы бағдарлама болған. Сол кезде несие беру ұйымдарының талаптары сай, несие алу үшін жеке үй шаруашылығы жеке кәсіпкерлік болып тіркелуі тиіс болған. Одан кейін жылдық 6 пайызбен жеңілдетілген несиелер берілген, мемлекеттік қолдаулар болған, ал 2018 жылы бұл шаралар алынып тасталды да, шаруашылықтардың үлкен ауқымы банкротқа ұшырады. 256 млрд теңге ішінен 1%-ы ғана кооперативтерге жетті. Қорытынды ретінде дамудың басымдықтары өзгерді ал кооперативтер қолдаусыз қалды. Есесіне сол өзгерістердің соңы бюджетті 36,6 млрд теңгедей мал шаруашылық өндірушілерінің алдындағы қарызға əкелді», – деді Мырзахмет Өксікбаев.
Спикердің пікірінше, шағын бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шеңберінде талаптарды қайта қарау қажет, өйткені бүгінде «жоғарыдан нұсқау» әдісі қолданылады, ал бизнеске қосымша мүмкіндік берілуі керек.
Өз кезегінде Рахым Ошақбаев Қазақстанда әлемдегі ең арзан бензин, интернет, су және жер – кросс-субсидиялаудың барлық жүйесі барына қарамастан, бизнес несиелерге тұтынушылық мән беретінін атап өтті.
Бизнес-қоғамдастық екінші деңгейлі банктер бизнесті қаржыландыруға ынта танытып отырмағанын алға тартты, көп жағдайда, әсіресе ауылды жерде кепілдік мүліктің банктер үшін құны жоқ. Балама ретінде кәсіпкерлер банктерге бизнестің дамуына венчурлық қор ретінде қатысуды қарастыруды ұсынған. Венчурлық қор кезінде банктер бастапқы кезеңде бизнеске, соның ішінде стартап-жобаларға қолдау көрсетеді.
Мемлекеттік қолдау құралдарының тиімділігі және қажеттілігін бағалау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында pikir.atameken.kz интернет-ресурсы іске қосылды. Онда әр кәсіпкер қолданыстағы бағдарламаларға қатысты өз пікірін тастай алады. Кәсіпкерлердің жауаптары негізінде Ұлттық палата мемлекеттік органдарға арнап мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар легін дайындайтын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: