«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда «Bank Day» өтті

2019 жылғы 23 Мамыр
- Жетісу облысы
3435 просмотров

Қаржы ұйымдары азаматтарға кеңес берді

Облыс орталығында Кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы бірлесе «Bank Day» екінші деңгейлі банктер жәрмеңкесін өткізді. Қаржы ұйымдарының өкілдері тұрғындар мен кәсіпкерлерге бизнесті ашу, дамыту мен кеңейту үшін қаржыландыруға қол жеткізудің шарттарын түсіндіріп, кеңес берді.

Жәрмеңкеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Даму» қоры, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Сбербанк ҚБ» АҚ, «Еуразиялық банк» «Нұрбанк» АҚ, АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Forte bank» АҚ, «АТФ банк» АҚ филиалдарының өкілдері қатысты.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының Қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтың айтуынша, жәрмеңке аясында 250-ден астам азаматқа кеңес берілді.

 «Шараның мақсаты – тұрғындарға қаржыландыру механизмі мен шарттарын, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру болып табылады. Кәсіпкерлер палатасында 12 қаржы ұйымын бір жерде жинадық. Азаматтарға олардың ұсыныстарымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қойды», -  деп атап өтті  Ерлан Датқаев.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпаратынша, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында Талдықорған және Текелі қалаларында екінші деңгейлі банктер арқылы 12 жоба қаржыландырылды. «Бастау» оқыту жобасының 114 қатысушысы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және несие серіктестіктерінің  қаржылай қолдауына ие болды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер