Контрафактілік өнімге қарсы жұмыс күшейтілмек
Өңірдегі кәсіпкерлер техникалық реттеу саласындағы заңнамалық талаптардың бұзылғаны туралы хабарлай алады
20 мамырдан бастап барлық 17 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңдарында өкілетті органдардың өкілдері және «Атамекен» ҰКП қызметкерлері бірігіп, контрафактілі өнімге қатысты шағымдар мен өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады.
Бизнес-қоғамдастық жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижелерін есепке ала отырып, азық-түлік, жиһаз өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өнімдері, құрылыс материалдарына басымдық жасалмақ.
Бұдан бөлек сапасы сәйкес келмейтін, кейде тіпті қауіпті өнімге сертификат беретін сертификаттау органдары және сынақ зертханаларының қызметіне баса назар аударылатын болады.
Естеріңізге салсақ, «қарапайым заттар экономикасы» салаларын тиімді дамыту және отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Үкіметі биыл 5 наурызда жеңіл өнеркәсібі, жиһаз өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру бойынша Жол карталарын мақұлдады.
Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі контрафакті, бұрмаланған өнімдермен күрес және адал бәсекеге арналған қолайлы жағдай жасау.
Аталған мәселені шешу мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық алқаның алаңында (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП арасында құрылған) өңірлік деңгейдегі, яғни Қазақстанның барлық 17 өңірінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комиеті және отандық тауар өндірушілердің өзара әрекеттесуін үйлестіру туралы шешім қабылданды.
Шағымды қалай беруге болады?
- Шағымды дұрыс беру үшін тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтардың нақты фактілерін көрсету керек.
- Сонымен қатар тауардың атауы, өндіруші, сатушының аты, тауардың сәйкестігін растайтын құжаттың (сертификат немесе декларация) бар-жоғы, тауарды сатып алудың күні мен орны, сатып алуды растайтын құжаттарды көрсету абзал.
- Өтінімді заңнама талаптарының бұзылғанын растайтын фото/бейне материалдармен толықтыруға болады.
- Осы ретте анықталған мәліметтерді (жеке тұлғалар үшін – аты-жөні, мекенжайы, телефоны. Заңды тұлағар және жеке кәсіпкерліктер үшін – ұйым атауы, мекенжайы, телефон). Жасырын және/немесе анықталмаған мәліметтері бар өтінімдер қаралмайды.
Шағымдар мен өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратын өкілетті органдар және ӨКП өкілдерінің тізімі
Пікір қалдыру:
Пікірлер: