Маңғыстау облысында техникалық реттеу саласында оқыту өткізілді
Ақтау қаласында «КазИнСт» РМК филиалы мамырдың 13-15 аралығында облыстың мекемелері мен ұйымдарының 90-нан аса өкіліне техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында жұмысшыларды дайындау және біліктілігін арттыру семинарын өткізді.
Іс-шара барысындағы басты тақырыптардың бірі ЕАЭО аясындағы мәмілелер, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарға қатысты талаптар (ЕАЭҚ ТР 043/2017) және жанармай ретінде пайдаланылануға болатын сұйылтылған көміртекті газдарға қатысты (ЕАЭҚ ТР 036/2016) техникалық регламенттерін пайдалану ерекшеліктері туралы болды.
Дәріскерлер сұйылтылған көмірсутекті газдардың өндірісі, сақтау, тасымалдау, сату және жою (қайта өндіру) үдерісіндегі талаптары жөнінде; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт сөндіруге арналған құралдардың сәйкестігін қамтамасыз ету, оларды сәйкестендіру туралы толықтай түсініктеме берді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» жаңа Заңы туралы және Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді.
Халықаралық, өңірлік стандарттар, шет ел стандарттарын пайдалану, мемлекеттік сатып лауда ұлттық стандарттарды қолдану жөніндегі сұрақтар қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Ұлттық стандарттау органының құзіреті қарастырылды.
Қатысушылар «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты тексеру және салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарының тізімін талқылады.
Семинарда тындаушылар эксперт-дәріскерлерден өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында өз біліктіліктерін арттырды және кеңестер алды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: