«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Индустриялық сертификаты берілді

2019 жылғы 21 Мамыр
- Астана қаласы
4058 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Индустриялық сертификатты «Ютария» тігін фабрикасы алды

Сертификат «ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС компанилар тобының бас директоры Сәуле Шәуеноваға табысталды.

 «Ютария» тігін фабрикасы Индустриялық сертификатты алуға қажетті барлық процедураларды өткен алғашқы елордалық компания атанды. Енді компания «Атамекен» ҚР ҰКП Отандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізіледі», – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП сертифкаттың шығу тегі жөніндегі маман Әлия Нағызбаева.

 «ASTANA Ютария ltd» өндірістік инновациялық компания» ЖШС 2013 жылы құрылған. Компания өз қызметін жеңіл өнеркәсібі, тігін жабдықтың жинау саласында жүзеге асырады.

 2013 жылы компания Нұр-Сұлтан қаласындағы Индустриялық паркі аумағында «KazTexExpo» автоматтандырылған индустриялық кешенін салу ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Аталған жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдараламасы арқылы жүзеге асып, «Қазақстанның индустриялық картасы» мемлекеттік бағдарламасына енді. Ауданы 700 шаршы метрден жоғары өндірістік кешен кең ассортиментте 500-ден астам тігін өнімін шығарады.

 Өндіріс үдерісінде жеңіл өнеркәсібінідегі соңғы әзірлемелер мен инновациялар, Қазақстан нарығы үшін бірегей киім үлгілері шығарылады. Шығарылатын өнім сапа бақылауының барлық кезеңінен өтеді, осы арқылы өнім халыққа арналған тауарлар нарығында да, арнайы және кәсіби нсанды киім саласында да бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

 Естеріңізге салсақ, ҰКП Төралқасының 2018 жыл 28 желтоқсандағы №28 шешімімен Тауар жұмыс және қызметтерді отандық өндірушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сонымен қатар Индустриялық сертифкаттарды беру ережелері бекітілді.

  ӨКП тарапынан өндірушіні Тізілімге қосу қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады ( міндетті мүшелік жарна бойынша қарызы жоқ және ММЖ төлеуден босатылған субъектілерге). Өтінім берушіні Тізілімге қосу кезінде сәйкес келудің сериялық сертфикаты және өндірісті зерттеу актісі сұратылады.

 Өндірушілердің Тізілімінде болу мерзімі – жыл сайынғы өзектілікті негізге алып, ұзарту құқығымен үш жылға беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер