«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау»:Қызылордада көпбалалы ана кәсібін ашты

2019 жылғы 20 Мамыр
- Қызылорда облысы
2850 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы қолға алған «Бастау» жобасы кәсіппен айналысқысы келген жандарға бағыт-бағдар беруде таптырмайтын құралға айналды. «Ерінбегеннің еңбегі жанады» деген халық даналығын басшылыққа алған Ақжарма ауылының тұрғыны, алтын алқа иегері Ізтілеуова Жеңіскүл «Бастау» оқу бағдарламасының түлегі.

Көпбалалы ананың басты мақсаты – кәсіппен айналысып, отбасылық бизнесті қалыптастыру. Алтын алқа иегері алдымен ойын жүзеге асыру үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына келді. Кеңес алды. Содан соң «Бастау» жобасына қатысып, бизнестің алғышарттарын игерді. Нәтижесінде мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашсам деген арманын орындап, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалынан 4 млн.теңге несие алды. Кәсіп иесі алған қаражатына 24 бас сиыр алып, енді мал басын көбейтуді жоспарлауда.

Отбасылық бизнесті қолға алған ана өзінің балалары мен келінін жұмыспен қамтып отыр. Ұлдары малды сыртқа жайып, жем-шөбін әзірлесе, келіні сиырын сауып, айранын пісіп көмек көрсетеді. Бүгінде бұл отбасы сүтін сатып, малдың жем-шөбін алады. Сүт бағытында жұмыс жасап отырған Жеңіскүл апа ірі қара малды Қазалы ауданынан әкелген.

«Бірлесіп атқарған жұмыстың берекесі болады» демекші еңбексүйгіш отбасының алдағы жоспары да ауқымды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер