«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табыс салығы: есептеу кезінде нені ескерген жөн?

2019 жылғы 16 Мамыр
- Алматы қаласы
10241 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Бухгалтерлер клубында табыс салығын есептеу кезінде жасалатын негізгі мәселелер мен қателерді қарастырды

Төлем жасауда, жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде бухгалтерлер нені білу қажет? Бұл сұраққа кәсіби бухгалтер, Халықаралық қаржылық есептілік бойынша дипломының иегері, ҚР аудиторы Елена Розинкина жауап берді.

Табыс салығы резиденттерге және бейрезиденттерге салынады. Қазақстанда кез-келген 12 айлық кезеңде (күнтізбелік жыл есептелмейді) 183 күнтізбелік күннен астам уақытқа (келген және кететін күндерді қоса алғанда) шетел азаматы Қазақстан Республикасының резиденті болып есептеледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік билік органдарының шетелге іссапарға жіберілген ҚР азаматтары (дипломаттар), сонымен қатар олардың отбасы мүшелері; халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік экипажының мүшелері; ҚР шегінен тыс орналасқан әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер; емдеу, оқыту мақсатында ҚР шегінен тыс жүрген азаматтар, ғылыми қызметті жүргізу мақсатында ҚР шегінен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер резиденттер болып саналады.

«Көп маман шетелдіктерді бейрезидент деп санап, олардың ЖТС-ін дұрыс есептемейді. Шетелдік азаматтың өмірлік мүдделері (отбасы, жылжымайтын мүлігі, табыс көзі) Қазақстанда орналасқан болса, Қазақстан Республикасының резиденті болып есептеледі. Естеріңізге сала кетейін, резиденттер Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлерде төлем көзінен салықты төлейді, бейрезиденттер – Қазақстан Республикасындағы табыс салығы бойынша ғана төлем жасайды. Төлем көзінен салық салынатындардың көлемі 12 ғана. Сондықтан оларды есте сақтау оңай», – деп айтып кетті Елена Розинкина.

Төлем көзінен салық салынатын табыстар:

1. Қызметкердің табысы, оның ішінде үй қызметкерінің және резидент-көшіп келушінің табысы;

2. Тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кіріс;

3. Үшінші тұлғаның алған тауарларына, жұмыстарына көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу түріндегі табысы;

4. Жеке тұлға алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыстар, қызметтер түріндегі кіріс;

5. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыс;

6. Борышты кешіру түріндегі табыс;

7. Борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайту түріндегі табыс;

8. Репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі кіріс;

9. Зейнетақы төлемдері түріндегі табыс;

10. Сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

11. Шәкіртақы түріндегі табыс;

12. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;

«ЖТС ставкалары дивидендтер бойынша 5%-ды, кірістердің қалған түрлері бойынша 10%-ды құрайды. Іссапардың шығындары, тәуліктік шығындар; арнайы киім, арнайы аяқ киім құны; қызметкерді тұрғылықты жерінен және кері жеткізуі; жарнама мақсатындағы тауарлардың құны табыс ретінде қаралмайды», – деп айтты Елена Розинкина. 

    Төлем көзінен ЖТС бақылау тізімі:

  1. ҚР резиденті болып табыла ма немесе жоқ па соны анықтау.
  2. Салық салынатын табыстарды анықтау.
  3. Түзетуді көру (341-құжат, 319-құжат, 654-құжат).
  4. Салық шегерімдерін қолдану туралы өтінішті алу.
  5. Шегеруді растайтын құжаттарды тексеру.
  6. Салық салынатын кіріс сомасын есептеу.
  7. Пайыздық ставканы белгілеу.
  8. ЖТС сомасына шығару.
  9. Әр айдың 25 күніне дейін ЖТС-ті бюджетке аудару.
  10. 200.00 салық есептілігінің нысандарына 15 мамырға, тамызға, қарашаға, ақпанға дейін ұсыну.

«Сенімді статистикалық мәліметтер және онлайн-уақыт» тақырыбы бойынша бухгалтерлер клубында, Алматы қаласы Статистика департаментінің респонденттермен жұмыс істеу басқармасының басшысы Давир Белалов сөз сөйледі. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі туралы, Алматы қаласы статистика департаменті Заң басқармасының бас маманы Әлия Самалдыкова баяндады.

«Компания басшыларын, бухгалтерлерін және жеке кәсіпкерлерді біздің клубқа белсенді қатысуға шақырамыз», – деді Бухгалтерлер клубының модераторы Юрий Тілеумұратов. – Мысалы, бүгінде әрбір қатысушы Учет.kz портал атынан сертификат алады, ол «Кәсіби бухгалтер» сертификаттау бойынша сағаттарды есепке алуға арналған құжат болып табылады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бухгалтерлер клубында қатысу тегін. Кездесу Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14 (Абылай хан көшесінің қиылысы), ҚР Ұлттық кітапханасы, 1 қабат, көрме залы мекенжайы бойынша өтеді. Тіркелу үшін байланыс: 8701-943-20-21 Раушан Бегалиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер