«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасы жұмысын бастайды

2019 жылғы 14 Мамыр
3645 просмотров

17 мамыр күні елордада  Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасының Жарғысына қол қою рәсімі өтеді

 Бірлескен палата Кеңеске мүше мемлекеттердегі бизнесмендер арасында экономикалық байланыстың нығаюына атсалысып, Түркі кеңесі Хатшылығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады.

Алғашқы отырыс ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың төрағалығымен өтпек. Іс-шараға Әзірбайжан Кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) ұйымдарының ұлттық конфедерациясы президенті Мамед Мұсаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Марат Шаршекеев және Түркияның сауда палаталары мен тауар биржалары одағының президенті (TOBB) Рифат Хисарджыклыоглу, сонымен қатар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттері іскерлік орталарының өкілдері қатысады.
 
Тіркелу үшін сілтеме

 Жауапты тұлға:

Әлмен Дастан, +7 777 047 36 76, dalmen@turkkon.org,
Карина Омарова, +7 7172 27 90 54 (222), k.omarova@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер