«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында 20 оқу орталығы құрылды

2019 жылғы 14 Мамыр
- Ақмола облысы
21807 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП 2019 жылдан бастап техникалық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кәсіби дайындау, қайта дайындау, біліктілікті жоғарылату мен біліктілікті беру жөніндегі білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді.  Бүгінде ел ауқымында 486 білім беру ұйымы маман дайындайды. Жыл басынан Тізілімге 20 ақмолалық білім беру орталығы кірді.

 4 оқу ортылығы Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы қолдауымен кәсіпорындар базасында ашылды. Олардың қатарында –  «ДИАС» тігін фабрикасы» ЖШС, «Асыл Арман» оқу орталығы («Новопэк» ЖШС), «Арнасай» оқу орталығы (Жасыл экономика қолдау және G-Global дамуына коалициясы), сонымен қатар жыл басында құрылған «HoReCa сервис және туризм академиясы» бар.

Оның құрылауына өңірлік еңбек нарығының ағымдағы жағдайына жасалған талдау себеп болды, яғни жергілікті кәсіпорындарда білікті мамандарға деген үлкен сұраныс бары анықталған. «HoReCa сервис және туризм академиясы» жанындағы оқу орталығы өңірде туризм дамуын есепке алып: даяшы, бармен-бариста, мейрамхана әкімшісі, қонақүй әкімшісі сынды сұранысқа ие мамандықтарға сапалы дайындықты жүргізуде.  

 Бұдан бөлек 14 оқу орны өңірдегі колледждер жанынан құрылған. Көкшетау қаласында – 2 оқу орталығы (Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қаласы Құрылыс-техникалық колледжі). Тағы 12 орталық Ақмола облысының түрлі аймағында орналасқан (Есіл қаласы №7 Агротехникалық колледжі,  Егіндікөл ауылы №12 Агротехникалық колледжі, Каменка ауылы №2 Агротехникалық колледжі, Атбасар қаласы Аграрлы-индустриялық колледжі, Ақкөл қаласы №10 Агротехникалық  колледжі, Степногорск қаласы Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы Индустриялық-техникалық колледжі, Зеренді ауданы Шағыл ауылы Жоғары агротеникалық колледжі, Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледжі, Бурабай ауданы Қараөткел ауыл шаруашылығы колледжі, Новоишим ауылы Агротехникалық колледжі, Шучинск қаласы Экология, орман шаруашылығы және туризм колледжі).

Сонымен қатар 2 орталық Ақкөл қаласындағы «Ақкөл оқу орталығы» және Көкшетау қаласындағы «Ақмола оқу-курстық комбинаты» оқу орталығының филиалы дербес жұмыс істейді.

 «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде қысқа оқу курстарына қатысушылар оқу төлеу, шәкіртақы және жол құны бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі. Оқу ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін жалғасады. Мамандықтың ерекшелігі қысқа мерзімде еңбек нарығының сұранысын өтеуінде. Оқуға қатысу үшін  жергілікті жерде орналасқан жұмыспен қамту орталығы, ауылды жерде әкімдікке немесе барлық сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек», – деп мәлімдеді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Лейла Жаныспаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер