«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытайға Жамбыл облысынан қой жүні экспортталмақ

2019 жылғы 09 Мамыр
- Жамбыл облысы
5833 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында қытай делагациясымен халықаралық меморандумға қол қойылды

 Қытай Халық Республикасынан «Жүн Маркет компаниясы» ЖШҚ, Жамбыл облысы жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары қауымдастығы, «Шеберлер мекені» Жамбыл облысының тігін өндірісі бойынша жеңіл өнеркәсібінің қауымдастығы және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасындағы төртжақты ынтымақтастық – облыстағы текстиль нарығының көкжиегін арттырып, жаңа мүмкіндіктер ашады.

 Қытай делегациясы өңірге «Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында келді. Қонақтар Жамбыл облысында өндірілетін шикізат – қой жүнін сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Жұмыс сапары «ПОШ Тараз» ЖШС-на барудан басталды. Аталған фабрика жүнді бастапқы өңдеумен, жуылған жүнді өңдеу, ТОПС, ОПЕНТОПС өндірісімен айналысады. Шығарылатын өнім ассортименті және өндіріспен кәсіпорынның директоры Бауыржан Найзақұлов таныстырды. Кәсіпорын басшысы алдында өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, бюджетке салық төлемдерін ұлғайту, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша міндет тұр. Фабрика шығаратын өнімге қонақтар жоғары баға беріп, қонақжайлылыққа алғыс білдірді.

 «Қазақстан – жері бай ел, әсіресе жайылымды жерлер көп. Меринос тұқымды қойды өсіруге жағдай бар. Сіздер өндіріске ең маңыздысы – шикізат екенін білесіздер. Біз де сіздерге ет өндірісінен кетіп, жүнді қойларды өсіруге өтуді ұсынамыз. Қытайда осындай қойларды экспорттауға тыйым салынған, егер болашақта тыйым алынып тасталса, онда Қазақстанға қой түрін әкеп, малды күту бойынша әдістерге оқытуға болады. Сонымен қатар біз сіздерді елімізге шақырамыз», – деді «Нанкин қаласындағы Жүн Маркет компаниясы» ЖШҚ өкілі Хо Янь.   

Ары қарай делегация «Айвенго» ЖШС тігін фабрикасына барды. Кәсіпорын жоғары заманауи тігін өнімді шығарумен айналысады. Шығарылатын өнім халықаралық стандарттарға сай, кең ауқымда өндіріледі. Фабрика директоры Любовь Попова Жамбыл облысы жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары қауымдастығының өкілі. Қытайлықтарды «Дана Дель» тігін ательесі таңқалдырды. Шеберхана жақында ғана ашылған, негізгі бағыты – ұлттық киім үлгілерін тігу. Осы ретте қытай кәсіпкерлері қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне қызықты және олар өздерінің өндірістерінде қолданылатын заманауи техниканың сырларымен бөлісті.

  Жұмыс сапары Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында қол қойылған меморнадуммен аяқталды. Тараптар шағын және орта бизнестің өкілдері жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірлескен жобалар мен кәсіпорындар құруды ынталандыру, екі ел арасындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жеткізуді ұлғайту, әкімшілік кедергілерді азайтуға көмектесу мақсатында ынтымқатастықты жүзеге асыратын болады.

 ӨКП директорының орынбасары Айдар Әбдіқадыров меморандумға қол қою барысында қонақтарға жамбылдық кәсіпорындарға танытқан қызығушылықтары үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықтың мақсаттары мен міндеттерін белгіледі.

 «Бұл меморандум Елбасының «Қарапайым заттар экономикасы» салаларды дамыту бойынша тапсырмасын тиімді жүзеге асыруға, экономикалық ынтымақтастықты белсендіру, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары арасында іскерлік байланысты дамыту, азаматтардың мүдделі тараптардың экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған көрмелер, жәрмеңкелер мен конгрестерді дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралады жоспарлау мен өткізуге жол ашады. Сонымен қатар тараптардың іскерлік белсенділіктерін арттыру бойынша іс-шараларды өткізу, кәсіпкерліктің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, сапасыз өніммен күресу, жеңіл өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікте тәжірибе алмасу, жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, қазақстандық және қытай кәсіпкерлеріне қажетті іскерлік ақпаратпен алмасу көзделген», – деді Айдар Әбдіқадыров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер