«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада Қазақстан-Тайланд бизнес-кездесуі өтеді

2019 жылғы 08 Мамыр
3831 просмотров

2019 жылдың 20 мамырында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан-Тайланд бизнес-кездесуі өтеді

 Іс-шара іскер ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту мақсатында ұйымдастырылды. Ынтымақтастықтың әлеуеттік бағыттарын талқылау мақсатында екі елдің кәсіпкерлері арасында В2В келіссөздер жоспарланған.

 Тайлық компаниялар логистика, косметология, құрылыс, фармацевтика және басқа да салаларда жұмыс істейді.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өкілдерінің айтуынша, бұл іс-шара инвестицияларды тарту, тәжірибе алмасу және екі ел кәсіпкерлері арасында байланыстарды арттыру, сонымен қатар экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамытудың тиімді алаңы болмақ.  

 Қатысу үшін кәсіпкерлер мына нөмірге хабарласа алады: +7 7172 279054 (222), k.omarova@atameken.kz   (Карина Омарова).

Өтетін орны: «The St. Regis Astana»,  Нұр-Сұлтан, басталуы: 9:00

Тіркелу үшін сілтеме.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер