«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Автобуспен тасымалдау мәселесі – басты назарда

2019 жылғы 08 Мамыр
4019 просмотров

Автобуспен тасымалдауды дамыту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған  Кешенді бағдарлама қосалқы комитетте талқыланды.

Сәуір айының 30-ы күні «Атамекенге» қарасты Логистика және тасымлдау Комитетінің қосалқы комитетінің және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ, осы салада жүрген Қауымдастықтардың қатысуымен отырыс болып өтті.

«Мойындауымыз керек, Кешенді бағдарлама қолға алынғалы бері ауыз толтырып айтатындай жетістікке жеткен жоқпыз. Алматы қаласынан басқа қалалардың жергілікті басқару органдарының жауапкершілігінің төмен екені көзге ұрып тұр», - деді қосалқы комитеттің тең төрағасы Сәбит Аманбаев өз есеп-қисабын оқыған кезде.

Заңды тұлғалардан құралған «Автомобильный Конвент Казахстана» Қауымдастығының президенті Марат Беркалиев те жергілікті басқарушы органдардың тасымалдаушыларға өз дәрежесінде көмек көрсете алмайтынын да айтып өтті.

«Аймақтарда жергілікті атқарушы органдар  тарифтік комиссия құру, тасымалдаушылар ұсынған ұсыныстарды қарау, олардың шығындарын субсидия арқылы өтеу секілді сұрақтарға онша бас ауырта бермейді. Жеңілдікпен жолақы билеттерін бергендерін өз есептеріне қосудан ары аса алмауда. Заңның олқы тұстары жергілікті атқарушы органдардың муниципиалды парктер құруына әкеп соғып, тасымалдаушыларды алалауға жол беруде»,- деді Сәбит Аманбаев.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі Көлік Комитеті Төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов қолдарында нормативтік-құқықтық акттан бөлек басққа құжаттарды бекітетін құзырет жоқ екендігін баса айтты.

«Біздің «КазАТОның»мамандары көршілес Ресей Федерациясының заңнамаларын түгел ақтарып шықты. Ол жерде үшінші мемлекеттен кіретін жүк тасымалдаушыларға қойылатын талаптар анық көрсетілген, бәрі түсінікті. Еліміздегі ұлттық жұк тасымалдаушы компанияларды заңмен қорғауымыз керек. Әйтпесе, жауапкершілігі төмен операторлар қаптап кетті. Шетелдік жүк тасымалдаушылар елімізге миллиондаған шығын әкелуде. Ал, айыппұлдарының көлемі небары 25 АЕК шамасында. Бақылауды күшейтіп, айыппұлды 200 АЕК дейін көтеру керек»,- деп шағымданды «КазАТО» Халықаралық жүк тасымалдаушылар Кеңесінің Президенті Мақсат Сақтағанов.

«Айтылған мәселелер осыған дейін де Министрліктің жиындарында талқыланған болатын. Біз қазір нормативтік-құқықтық акт бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Сырттан келетін тасымалдаушыларды автоматтанған жүйе арқылы бақылауымыз керек.Бұл арқылы біз жүк көлігінің маршрутын және нақты сиымдылығын бақылай алатын боламыз», - деді Дәурен Сәбитов. 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер