«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Зарина Черняеваның ертегі әлемі

2019 жылғы 06 Мамыр
4290 просмотров

Зарина Черняева ата-анасының кеңесі бойынша 11 жасынан бастап тігіншілікпен айналыса бастады. Мектепті 14 жасында бітіріп, дене шынықтырушы болмақ ниетпен оқуға құжаттар тапсырған

«Спортпен шұғылданғанды жаным сүйеді, баскетболды жақсы көремін. Алайда дінге берік әкем спортқа барғанымды қаламай, басқа мамандық таңдауымды өтінді. Сосын анам екеуміз ақылдасып, дизайнерлік дұрыс деп шештік. Ол кезде менің мамандығым «модельер-конструктор-пішуші» деп аталатын», – дейді Зарина Черняева.

Алайда «модельер-конструктор-пішуші» мамандығы қыз балаға қиынға соққан.

 

«Үш жыл оқыдым, өте қиын болды. Бірінші курсты көз жасымды төге жүріп аяқтадым. Конструкция, сызбалар, тағы басқасы... –  ештеңе түсінбейтінмін. Тіпті сурет те сала алмайтынмын. Екінші курста 30 адамнан 11 қалдық. Қиын болғандықтан орта жолдан тастап кетіп жатқандар болды. Ал үшінші курста менің ертегім басталды», – дейді дизайнер.

Киім тігуде шындалған Зарина бүгінде ата-анасына кәсіп таңдарда айтқан ақылдары үшін үлкен алғыс айтып отыр. Ол колледжді бітіргеннен кейін «дизайнер» мамандығына оқуға түсті. Өйткені сурет салып, сызба сызу бір басқа да, тігіп, пішіп, матадан киім жасау бір бөлек.

«Тігуді бірден бастадым. Киім, декор, интерьер, перде ілгіш, әшекейлер – осының бәрін жасауды үйреніп алдым. Кейін тапсырыстар ала бастаған соң әйелдер киімін тіге бастадым. Әр көйлекке манекенші емес, қарапайым қыздардың хиқаясы туралы backstage – сурет, видео жасаймын. Әр көйлек өз иесін ханшайымға айналдырады», – деп бөлісті Зарина.

«Мәселелер көбіне кадр бойынша – білікті маман мен ісін мұқият жасайтындар жоқтың қасы.  Кейбіреулер тіпті оң қол мен сол қолды ажырата алмай жатады. Күн пішінді белдемшені қалай жасаңдар деп үйрететінін білесіз бе? «Матаны алып, ортасын тес те, бел шығара салсаң болды», - дейді екен. Осыдан кейін ол тігіншіге қалай сенім артасың?», – деді дизайнер қыз.

Оның айтуынша, дайын киімдерді сатуға қою да өзекті мәселе.

«Жалға алу өте қымбат. Той көйлектерін сататын салондарға барып, «Мен сіздерге той көйлектерінің топтамасын тігіп берейін, Қытай тауарларын сатқанша, бірге осылай жұмыс істейік», деп ұсынып та көрдім. Бірақ бұл ұсынысым ешкімді қызықтырмады. Отандық өнімдеріміз Италия, Қытай және басқа фабрикалармен бір қатарда тұруға әбден лайық деп санаймын», – дейді      


Еншілес ұйымдар

Серіктестер