«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Авиацияны дамытуға қатысты мәселелер мен ұсыныстар қосалқы комитет отырысында талқыланды

2019 жылғы 04 Мамыр
3406 просмотров

Әуе тасымалдаушылары «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Азаматтық авиация жөніндегі қосалқы комитеттің кеңейтілген отырысы барысында авиакомпаниялар және әуежайлардың дамуы мәселелерін талқылады

 Жиын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, әуежалар және авиакомпаниялар өкілдерінің қатысуымен өтті.

 Іс-шарада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитеті Азаматтық авиация жөніндегі қосалқы комитеттің төрағасы Болат Наурызалиев 2018 жыл бойынша атқарылған жұмысқа есеп беріп, биыл Жол картасы жобасына қосылған басым бағыттарға тоқталып өтті.

Атап айтқанда, бизнес ең танымал халықаралық әуе бағыттарында шектеулерге алаңдаушылық білдіреді. Бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, Ресей, Түркия, ЕО елдері және Қытаймен жасалған қолданыстағы үкіметаралық келісімдерге қосымша ретінде әр мемлекеттен екі тасымалдаушыдан сайлау керек.

 «Бүгінде бизнес нарықта бәсекеге қабілетсіз жағдайға тап болды. Қазіргі таңда айтарлықтай сұранысқа ие халықаралық бағыттар: Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге, Ыстамбұлға, Бейжіңге, Франкфуртқа әр тараптан бір ғана тасымалдаушы сайланған. Маршруттардағы ұсыныстар шектелгенін байқап отырмыз, бұл жайт тарифтердің қымбаттауына әкеп соғады», – деп атап өтті «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ вице-президенті Дәулет Хамзин.

 «Air Astana» авиакомпаниясы» АҚ вице-президенті Денис Иванов ҚХР  және Үндістан үшін 72-сағаттық визасыз режимнің болуына байланысты қазақстандықтар үшін жаңа маршруттар ашылуда.

 «Биыл ҚХР және Үндістаннан транзитті жолаушылардың өсуі ұлғайды, мәселен, 2018 жылы Нұр-Сұлтан және Алматыда 23 мың жолаушы аялдаған», – деді Денис Иванов.

Дәулет Хамзин ҚХР үкіметі егер азаматтар «Ұлы Жібек жолы» қаласына барса, онда авиакомпанияның шығындарының бір бөлігін өтейтінін айтып, Шымкент және Таразға қосымша бағыттарды ашуды ұсынды.

 Бизнес-қоғамдастық ҚР Индустряи және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдеріне 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде бизнестің ұсыныстарын назарға алуды сұрады.

Осылайша, авиа тасымалдаушылар әуе кемелерін сатып алу үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қайтаруды ұсынды. Аталған практика Қазақстанда 2013 жылға дейін істеген, алайда несие мөлшерлемелерін субсидиялау флоттың жаңарауына кері әсер етті.

 «Енді операциялық лизинг жекеменшік сатып алудан гөрі ұшақтар флотын толықтырудың тиімді формасына айналды. Нарықта лизинге көп жағдайда бұрын қолданыста болған техника берілгеніне қарамастан бизнеске лизинг тиімді болды», – деді Дәулет Хамзин.

 Өз кезегінде Петрпоавл халықаралық әуежайы» Басқарма төрағасы Марат Хасенов Қазақстан әуежайларының бірқатар мәселлерін атап өтті. Нашар техникалық жабдықтау және жерүсті инфрақұрылымының тозуы, аэродромдардың нақты қондыру жүйелерімен жеткілікті жабдықталмауы және арнайы техниканың айтарлықтай тозуы әуежайдың қызмет етуінің негізгі проблемалары болып отыр. Әуежайлардың инфқрақұрылымдарын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру қажет.

 Марат Хасенов әуежайлардың дамуы ұзақ және ресурстарды шығындайтын процесс деп атап өтті, бұл процесс үздік қозғаласты талап етеді, демек операциялық шығындарды өтеусіз оны жүзеге асыру мүмкін емес.

 «Егер әуежайлар дамуына субсидиялар бөлінген болса, онда бұл процесс үздіксіз болар еді. Өйткені жолаушы ағыны төмен әуежайлардың операциялық шығындарды жабатындай табыстары болмайды. Қажетті қаражаттың болмауы себепті әуежайлар терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын бұзады және жағдайды айыппұлдармен өршіте түседі», – дейді Марат Хасенов.

Жиын барысында заңнамалық деңгейде «әлеуметтік мәні бар әуежай» деген түсінікті енгізу ұсынылды. Осылайша қажетті табысты қамтамасыз етпей отырған әуежайларға субсидия алуға мүмкіндік береді.

 «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ құқықтық қамтамасыз ету қызметінің бастығы Максим Саирбаев тікелей және транзитті авиамаршруттарды кеңейту үшін Алматы қаласы үстінде әуе кеңістігінің бес деңгейлі еркін «ашық аспан режимін» қолдану қажет деп санайды.

 «Алматы қаласын ірі әлемдік хабтармен байланыстырып тұратын халықаралық дамыған маршрутты желінің болуы өңірлік авиациялық жолаушылар тасымалы ағыны мен жүк тасымалы ағынының халықаралық жүйесіне қосылуына мүмкіндік береді, бәсекелік ортаны ынталандырады, тауарлар мен қызметтерге нарықтық бағаны қамтамасыз етеді», – деді Максим Саирбаев.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, көтерілген мәселелер назарға алынып, қаралатын болады.

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Әлжанов әзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаға жасалған ұсыныстар туралы, Қазақстан Республикасы авиакомпаниялары мен әуежайларының жағдайы мен дамуы туралы ақпарат беріп, сонымен қатар Ұлттық палатамен бірлесе отырып, әуежай қызметіндегі кедергілерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасатынын айтты.

 «Нұрлы Жол» жаңа бағдарламасы аясында барлық мәселені ескеріліп, әуежайларды субсидиялау, заңнамалық базаны дамыту бойынша ұсыныстар назарға алынды», – деді  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Әуежайларды басқару басқармасының жетекшісі Амантай Қоқантаев.

 Қорытындылай келе, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаев құрамына бизнес, «Атамекен» және ҚР Индустрия және инфрақұырылмдық даму министрлігі Азаматтық авиация кірген жұмыс тобына даулы мәселерді тұрақты негізде қарау қаттігін айтты.

 «Алдағы уақытта ауқымды жұмыс күтіп тұр. Келіссөздер жүргізу және комитетпен бірлесіп жұмыс істеу арқылы саланың проблемалық мәселелерін жүйелі түрде шешу қажет», – деп қорытындылады Сауат Мыңбаев.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер