Кассалық-бақылау машиналарын пайдаланудағы сұрақтар мен жауаптар
Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты «Атамекен» алаңында кәсіпкерлерге толық ақпарат ұсыну мақсатында тұрақты түрде дөңгелек үстел жиыны өтіп тұрады.
2019 жылдың 15-16 сәуірі аралығында ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қатысуымен өткен отырыста кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарды жолдап қалды. Сұрақтардың дені жаңа заңдағы өзгерістерге және Кассалық-бақылау машиналары жайында болды. Қойылған сұрақтар жауапсыз қалмады.
Салық заңнамасындағы кассалық-бақылау машинасы чегі төңірегіндегі сұрақ- жауаптармен сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар.
Отырыс барысында 2016-2018 жылдар аралығында алынған кассалық-бақылау машиналарына салық жүктемесін төмендету жайлы ұсыныс айтылды.
Дегенмен, заңнан аса алмаймыз. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында 2019 жылдан бастап алынған кассалық-бақылау машиналарына салықты төмендету жайлы жазылған.
Бұрындары кассалық-бақылау машиналары шектеулі түрде, акциздік тауарлар сататын кәсіпкерлерден (жанар-жағармай, темекі, алкаголь) талап етілсе, 2019-2020 жылдары стационар емес сауда орындарының кәсіпкерлеріне де міндеттелмек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: