«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«SELFMADE» Бос орындар жәрмеңкесіне мыңдаған жұмыссыз алматылық келді

2019 жылғы 26 Сәуір
- Алматы қаласы
4919 просмотров

Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Jas Qadam» ҚҚ жоғары оқу орындарының түлектерімен қатар, жұмысқа орналаспаған жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізді

Бір күн бойы оңтүстік мегаполистің ең танымал серуендеу көшесі жұмыс берушілер мен ізденушілерге арналған диалог алаңы болады. Кәсіпорындар үшін бұл еңбекке қабілетті халықтың ең үздік өкілдері арасынан болашағы бар мамандарды таңдап алудың бірегей мүмкіндігі. Студенттер үшін – өзін әлеуетті жұмыс берушілерге ұсыну мүмкіндігі.

 «Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз осы шара барысында жастарға, сондай-ақ олардың дамуына баса назар аударамыз. Мысалыға, біз IT-кеңестің аясында, жастардың жобаларын іске асырамыз. Бүгінгі іс-шараға қаланың 100-ге жуық кәсіпорындары қатысуда. Сондай-ақ, жәрмеңкеге 5000-ға жуық студент, ЖОО түлектері мен жұмыссыздар қатысады деп күтілуде. Бізде жеткілікті білікті қызметкерлер бар, бүгінде олардың көпшілігі жұмысқа орналасады деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарын «ҚазТОЦ Групп» ЖШС, Алматы қаласының БЖЗҚ филиалы, Орталық клиникалық аурухана, «Нефтетехника» ЖШС, «Хлебозавод №7» ЖШС, Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Еуразиялық аграрлық колледжі, «Интер мульти сервис» ЖШС, «Титан Алматы» ЖШС және басқа да көптеген ұйымдар ұсынды.

Жәрмеңке барысында ЖОО мен орта арнайы оқу орындарының 200-ден астам түлегі ұсынылған компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, мақсатты аудиторияда жұмысқа орналасу дағдыларын арттыру үшін шеберлік сабақтары, тренингтер, бизнес-ойындар өткізілді.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері, тұрғын үй мәселелерін шешуде қолдау көрсетуді ұсынды, психологиялық және заңдық тұрғыда көмегін көрсетті.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты – жұмысқа орналаспаған қаланың оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен белсенді қызметкерлер, жастар арасында өзара тиімді еңбек қатынастары мен ынтымақтастық үшін бірыңғай алаң құру. Бос орындар жәрмеңкесінің миссиясы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер