«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Геологиядағы қордаланған мәселелер қарастырылды

2019 жылғы 26 Сәуір
1517 просмотров

«Атамекен» алаңында Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің Геологиялық сала қосалқы комитетінің отырысында геология саласында ушығып тұрған басты мәселелер талқыланды.  

Геология және жер қойнауы комитетінің Төрағасы Ақбатыр Нәдірбаев 2018 жылғы жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Атап айтсақ, жер асты қойнауларын геологиялық зерттеуге мемлекет есебінен бөлінген 7,953 млн теңгенің көмегімен, болашағынан көп үміт күттіретін 64 жер телімі анықталған. Оның 43-і әрі қарайғы зерттеу жұмыстарын жасауға ұсынылып отыр. Түрлі-түсті және сирек кездесетін металл өнімдері бойынша бағалау жұмыстары жүргізілген.

 

«2014-2018 жылдар аралығында Қазақстандағы кен қазбаларын зерттеуге 77 лицензия берілген. Осы лицензиялар бойынша 898 келісімшарт жасалған. Оның 213-і көмірсутек шикізаты бойынша, қатты кен қазбалары бойынша - 538,  жерасты суларына 147 келісімшарт жасасқан. Биылғы жылы халықаралық стандарттарға сай геохимиялық лабороторя құруды және минералды ресурстар қоры банкін құруды жоспарлап отырмыз», - деді өз сөзінде Ақбатыр Нәдірбаев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мырза да Төралқаотырысында осы саладағы өсоңғы жылдардағы жұмыстарға тоқталып, жасанды кедергілерге жол бермеу керектігін айтқан болатын.

 

«Геологиялық барлау саласындағы бизнестің әлеуетін жандандыру керектігін Төралқа Төрағасы жақсы айтып өткен болатын», - деді «Атамекен» Басқарма Басшысының орынбасары Евгений Больгерт.

«Бұл саланы ілгерілетпей отырған басты кедергілердің бірі сатып алу кезіндегі бағалар саясаты. Өз жұмыстарын сапалы атқаратын, салық төлеуден жалтармайтын ұжымдар үлкен жеңілдік жасамайды. Сондықтан да ондай кәсіпорындар конкурстарға түсіп әуре де болмайды. Себебі, көрсетілген баға демпингі кейде 50 %, тіпті одан да жоғарыға кетіп қалып жатады. Осыдан келіп біз «біркүндік» компанияларға ұрынамыз. Ал, олардың мандытып істеген ісі де, лайықты мамандары да жоқ», - деді геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің Геологиялық сала қосалқы комитетінің төрайымы Галина Баймаханова.

Галина Баймаханованың айтуынша бұл мәселелер 2012 жылдан бері өз шешімін таба алмай келе жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер