Артық төлемсіз жарнама
Кәсіпкерлер жарнаманы орналастыруда қосымша шығынданбауы керек
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден сыртқы жарнаманы орналастыруға қатысты өтініш-шағымдар келіп түсуде. Әкімдіктердің қызметкерлері кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бірақ Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңын және Салық Кодексі нормаларын түрлі топшылауы осыған себеп болған .
Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың айтуынша, 11 сәуірден бастап жарнама беруші «динамикалық» билбордтарға (скроллер) салықты жаңа тәртіппен – экранда көрсетілетін әр бейне үшін төлеуі керек.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұндай түсіндірме түбегейлі дұрыс емес деп мәлімдейді
ҚР Салық кодексі 605-бабының 3-тармағында «сыртқы (көрнекі) жарнама үшін төлемақы мөлшерлемесі сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді» делінген. Яғни төлем роликтер және сурет санына байланысты жүргізілмейді.
Мемлекеттік органдар және бизнес арасындағы түсінбеушілікті алып тастау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҰКП бірлесіп, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Ережелерін әзірледі, аталған әзірлеме мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілді.
Атап айтқанда, Ережелер «сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін бірінші айға және келесі айлар үшін төлем мөлшерлемесі Салық кодексі бекіткен ай сайынғы базалық мөлшерлемерге сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданын негізге алына отырып, орналастырылмақ сыртқы (көрнекі) жарнаманың, соның ішінде суреттер, бейнероликтер санына, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі қарамағында мемлекеттік тіл және орыс тілінде жазылған жүгіртпе жолдың санына қарамастан, төленген ай ішінде есептеледі.
Аталған Ережелер айқындық енгізіп, даулы мәселені шешеді.
Сонымен қатар «Атамекен» бизнес өкілдері сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсатты жаңа Заң күшіне енгенге дейін алған болса, онда рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып есептелетінін алға тартады. Сәйкесінше, жаңа хабарлама жіберу талап етілмейді, салықты уақытында төлеген жеткілікті. Алайда, салықтық төлемді Заңның ескі редакциясында жазылғандай келесі айда емес, ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін жасау қажет.
Сондай-ақ, Ережелерде терезе мен витриналарды әрлеу бойынша даулы мәселелер шешілген. Атап айтқанда, терезелерге ақпаратты әйнектің ішкі жағынан ғана және тауарларды немесе қызметтерді сату нүктелерінде ғана орналастыруға рұқсат етілген.
Сұрақтарыңыз болса, мына телефонға хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919-327 Азамат Бейсембинов.
Ережелер жобасымен мында танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: