«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Энергия тиімділігі саясаты қайта қарауды талап етеді – Тимур Құлыбаев

2019 жылғы 24 Сәуір
2759 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы комитеттерінің ҰКП басшысына жыл сайынғы есеп беруі аясында  энергия тиміділігі және энергияны үнемдеу саясаты мәселелері қаралды

«Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасының  59-қадамы халықаралық энергосервистік шарттардың мойындалған механизмі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тартуды қарастырады. Олардың басты міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу. Өкінішке қарай бұл механизм іс жүзінде тиімділігі төмен.

Комитет төрағасы Алмасадам Сатқалиевтың айтуынша, қазіргі жағдай көңіл көншітпейді: Қазақтанның энергия тиімділігі картасына енген 129 жобаның ішінде небәрі 12 жоба  Халықаралық энергосервистік шарттардың мойындалған механизмі және мемлекетттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылған. Қарапайым сөзбен айтқанда, бизнес өкілдері мемлекеттік тарапынан ынталдандыру мен қолдаудың нақты құралдарын көрмей, энергия тиімділігі және энергияны үнемдеу бойынша іс-шараларды өз бетінше жүргізіп отыр.

«Экономиканы түпкілікті модернизациялау және қоршаған ортаға кері әсер етуді төмендету мақсатында энергияны үнемдеу кешенді бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру ұсынылуда. Қазіргі таңда энергияны генерациялау секторында энергияны үнемдеуді жоғарылату бойынша әлеует сарқылған», – деп хабарлады Алмасадам Сатқалиев.

«Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаев энергия тиімділігі және энергияны үнемдеуге қатысты мәселелерді жүргізіліп жатқан экологиялық реформамен байланыстырудың маңыздылығын айтты.

Комитет басшының айтуынша, станциялардың пайдалы әсер коэффициентін ары қарай арттыру – жаңа қуаттарды енгізуді немесе түбегейлі жаңғыртуды талап етеді. Осыған байланысты тарифтердің өсуін тоқтату үшін өндірісті ауқымды модернизациялауды ынталандыру қажет. Энергияны тұтыну, жылумен жабдықтаудың және ресурстарды үнемдеудің тиімді нормативтері мен стандарттарын (жобалау кезеңінде) әзірлеу қажет. Оларды бірқатар даму институттары (Ш.Шокин атындағы КАЗҒЗ энергетика институты, Қазақэнергетикасараптамасы және т.б.) әзірлеуі  керек. «Атамекен» ҚР ҰКП Энергетика комитеті бағдарламаны әзірлеуге белсенді қатысуға және белгіленген тәртіпте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсыныстар енгізуге дайын.

 Комитет жетекшісі бағдарлама аясында кәсіпорындарды үздік қолжетімді технологияларды енгізуге  экономикалық тұрғыда  ынталандыру мәселелері қаралып жатқанын айтты. Тиімді саясат бір жағынан тарифтерді ұстап тұруға, екінші жағынан – кәсіпорындардың модернизациялау және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

  «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Энергетика жөніндегі комитетке энергетикалық тиімділікті арттырудың нақты және анық механизмдерін құру, жеке сектор мен мемлекеттің үлесін анықтауды тапсырды.

«Энергия тиімділігін жоғарылату бойынша шаралардың әлсіз іске асырылуы себептерін тағы бір рет талдап, осы бағытта жағдайды жақсарту үшін қосымша ұсыныстар әзірлеуді маңызды деп санаймын», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер