«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар Түркістанда өткен көрмеде ұсынылды

2019 жылғы 20 Сәуір
- Түркістан облысы
10811 просмотров

Түркістанда облыстық Кәсіпкерлер палатасы қолдауымен Түркістан қаласының аумағында ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, азық-түлік белдеуін қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жобалар қатысты Республикалық семинар-кеңес өтті

Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев, Ауыл шаруашылығы өкілдері, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері, Жамбыл, Қызылорда өңірлерінің ауыл шаруашылығы саласының мамандары, тауар өндірушілер, екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты.

Семианарды ашқан өңір басышысы Ауыл шаруашылығы – экономикада ең басым секторы екенін,  инвестиция үшін тартымды әрі басқа салалардан жылдам дамитынын атап өтті.

«Біздің алдымызға Түркістан облысын дамыту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономика мен бизнес ортаны дамыту үшін жағдай жасау міндеті қойылып отыр. Агроөнеркәсіптік кешенінің дамыту үшін тынбай жұмыс істеу қажет. Біз жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа ауыл шаруашылығын құруға тиіспіз. Тауар өндірушілерге қойылатын талаптар өзгереді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін кеңейту қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.

Семинарда ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды қолданып, жылына 2-3 рет өнім алу, сонымен қатар ұзаққа бармай-ақ өз ішімізде бизнесті жолға қойып, мол табыс тауып отырған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тәжрибелерімен танысып, кеңесіп, іс-жүзінде көрсетілді.

Сонымен қатар, ғылым мен ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын 480 жоба таныстырылды.

Ал, қаржы институты өкілдері ауыл шаруашылығы кешеніндегі мемлекеттік қолдау түрлері мен талаптары туралы ақпаратпен бөлісті.

Өз сөзінде облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев кәсіпкерлерге жаңа жеңілдетілген несие бағдарламасымен таныстырды.

«Өздеріңізге белгілі, мемлекет қарапайым заттар экономикасын қаржыландыруға 600 млрд теңге бөлді. Яғни, қарапайым сөзбен айтсақ қазақстандық ауылшаруашылығы саласындағы өндірушілер, жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алады. Егер сіздер өз жобаларыңызды қаржыландыруды ниет етсеңіздер Палата көмек көрсетуге әзір. Сіздерді белсенді болуға шақырамыз», – деп атап өтті Берік Кенжебаев.

Айта кету керек, облыс кәсіперлері бұл бағдарламаға қызығушылық танытуда. Облыста ауылшаруашылығы, туризм саласындағы 33 кәсіпорын 6 млрд теңгеден астам қаржыға өз жобаларын ұсынды.

«Қарапайым заттар экономикасы» дамыту аясында 2025 жылға 16 мың түрақты жұмыс орнын құрып, өнімнің импорттық үлесін 59% дан 37%-ға төмендету көзделген.

 Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Нұрбек Бадырақов  Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін құру жобалары және ауыл шаруашылығында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын жобалар туралы айтып өтті.

Семнар-кеңес аясында агроөнеркәсіптік кешендегі алдыңғы қатарлы технологиялар көрмесі де өткізілді. Көрме аграрлық сектордың жетістіктерін айқындайтын ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары, сондай-ақ, минералды тыңайтқыштар мен қорғау құралдары, азық қоспалары да ұсынылды.

Өңірдің тұрғындары мен қонақтары егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы жаңа әзірлемелермен және жаңа тәсілдермен танысты, сондай-ақ іскерлік бағдарлама аясында жетекші сала сарапшыларынан сұрақтарына жауап та алды.

Іс-шара соңында Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банк және ауыл шаруашылығы басқармасы Түркістан облысы халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын озық технологияларды қолдану арқылы жобаларды жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында, Кәсіпкерлер палатасы әкімдік мақұлдаған инвесторларды қаржыландырумен қатар, жобаларды толық іске асырғанға дейін оларды сүйемелдеп, сондай-ақ жобалардың бизнес-жоспарын әзірлеуді, инвесторлар үшін мемлекет тарапынан жеңілдіктер берудің барлық тетіктеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Семианар екі күнге жоспарланған, түстен кейін 3 секция бойынша, ертең 4 секция бойынша 7 аудан қалада озық жобаларды көрсететін болады. Тәжрибе алмасу практикалық семинарларға 1500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері мен сала қызметкерлері қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер