Тимур Құлыбаев: Отандық IT-өнімдер мен қызметтерді енгізе отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз
Еліміздегі отандық ақпараттық технологиялар қаншалықты қарқынды дамуда? IT-салада қандай мәселе бар және оны қалай шешу керек?
Осы және басқа да мәселелерді «Атамекен» ҰКП басшысы мен Ақпараттық коммуникациялық технологиялар комитетінің басшысы Болат Башеев жұмыс барысындағы кездесуде талқылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстанның IT-нарығының көлемі 2017 жылы 685 млрд теңгені құрады, соның жабдықты сегментеу үлесі 365 млрд теңгеге (53%), IT-қызмет 279 млрд теңгеге (41%) бағаланған, ал 41 млрд теңгесі (6%) ғана лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету үлесіне тиеді екен.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың ведомствоға қарасты 34 компаниясының жыл сайынғы тапсырысы 96 млрд теңгеден асып отыр. Бұл ретте АКТ нарығының жалпы көлемі 320 млрд теңге. Яғни Yellow Pages Rule принципі бұзылуда. Бұған қоса, бағдарламалық өнімдердің 90 пайыздан астамы елімізге нашар бейімделген әрі көбі импорт, атап айтатын болсақ, бұлар – SAP, Oracle, Microsoft и 1С.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін жекеменшік компаниялар мердігерлер мен қосалқы мердігерлер көмегімен дайындайды. Соның салдарынан түпкі IT-өнімдер мемлекетке қымбатқа түседі. Отандық IT-компаниялар қосалқы мердігерлер ғана емес, бағдарламалық қамтуды негізгі әзірлеушілер бола алады.
Б. Башеевтің айтуынша, ұлттық компаниялардың бірі қызметі мен әлеуеті жағынан басым қазақстандық өнім ұсынылса да, аппараттық жиынтықтарды Ресейден сатып алған.
Яғни, отандық бағдарламалық қамтылым мен электронды өнеркәсіп өнімдерінің тізбесін құру бүгінде өзекті болып тұр. Бұларды алдағы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы импортты алмастыру мақсатында пайдаланатын боламыз.
Комитет басшысының айтуына қарағанда, қазақстандық IT-өнімдер әлеуметтік маңызды салаларда табысты қолданылуда. Мысалы, денсаулық сақтау саласында 90%-дан астам (700+) медициналық мекемелер Damumed отандық өнімін қолданады. Білім саласында – жоғары оқу орындарының 90%-дан (100+) және колледждердің 50%-дан көбі (350+) Platonus өнімін пайдаланады. Елімізде ұйым қызметінің есебі, оны жоспарлау, бақылау және талдайтын отандық «Фаворит» ERP-жүйесі бар әрі бюджеттік мекемелердегі 1С-ке балама болып табылады. Алайда, бүгінде отандық әзірлемелерді шоғырландыру жалпы нарықтың 10–15%-нан аспайды.
Қазақстандық T&T Security компаниясы tLab жаңа антивирус жүйесін әзірлеп, нарыққа шығарды. Осы уақытқа дейін бұл өнім ТМД мамандары арасында танылып үлгерді. Тағы бір отандық PC4u компаниясы ақпаратты қорғайтын аппараттық жүйесі бар компьютер шығаруда. Ұлттық инновациялық орталық ақпараттардың жайылуын болдырмайтын «Инспектор» жүйесін дайындады. Олар сондай-ақ дербес деректерді иесіздендіру және бұлтты қосымшаларды қорғау қызметтері бар деректерді қорғау жүйесін де жасады.
Ақпараттық технологияларды дамытудың маңызды факторы – институционалдық талаптарды жақсарту, соның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды жасайтын әрі сүйемелдейтін кадрлық әлеуетті дамыту, цифрлық сауаттылыққа жаппай оқыту.
Қазіргі уақытта IT экономиканың өтпелі саласы болып тұр әрі кез келген салада кездеседі: агроөнеркәсіптік кешенде, жер қойнауын пайдалануда, өңдеу өнеркәсібінде, білім мен медицинада, ТКШ және т.б. Алайда, инфрақұрылымның кеңеюі маңызды: интернеттің қолжетімділігі, деректерді беру жылдамдығы, есептеу қуаттарының ұлғаюы.
Кездесу қорытындысында «Атамекен» ҰКП басшысы шетелдік өнімдерді отандық, бәсекеге қабілетті өнімдермен алмастыруға және оларды шоғырландыруды қолдауға ерекше назар аударды. Аталған шаралар еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әртүрлі жүйелерді енгізуге кететін шығындарды азайтуға, өз әзірлемелерімізді кейіннен экспорттау үшін жергілікті IT-нарықтың құзыретін арттыруға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: