Өндірістік кооперация - Отандық тауар өндірушілердің дамуының негізі
«Атамекен»ҚР ҰКП, қайта өңдеу өнеркәсібі Одағы, «Alageum Electric» АҚ және «Спецэлектра» ЖШС өзара серіктестікке негіз болатын төрт жақты келіссімге қол қойды.
Төрт таған боп бірігудің негізі тұрақты да ұзақ мезімді серіктестікте және электротехникалық машиналарды бірлесе отырып дамытуда, нарық өтімін кеңейтуде жатыр. «Alageum Electric» АҚ мен «Спецэлектра» ЖШС компаниялары бір-бірінің өндіретін тауарларын екі жаққа да пайдалы шарттар бойынша сатып алуға келісті.
«Бұл келісімге қол қою арқылы біз адал әрі әділ серіктестікке қол жеткіздік. Бұл екі тарапқа да оң әсерін тигізіп, әрі қарай қарыштап дамуларына оң әсерін тигізетініне сенімім мол», - деді «Атамекен» Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишимов.
Сондай-ақ, тараптар отандық тауар өндірушілердіқолдау мақсатында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге бірігіп ат салысатындарын жеткізді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: