«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмолалық кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды

2019 жылғы 17 Сәуір
- Ақмола облысы
19872 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы жеңілдікпен несие алу бағдарламасына кәсіпкерлікті тарту бойынша өз жұмысын бастады. Жобалық алқа құрамына облыс әкімдігі және басқа да мемлекеттік органдар (кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы басқармасы), «Даму» қоры, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің 8 филиалының өкілдері кірді.

Естеріңізге салсақ, бюджеттен бөлінген 600 млрд теңге өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені дамыту мен қолдауға бағытталған. Айта кетелік, Бағдарлама аясында дайын өндірісі ғана емес, сонымен қатар қажетті шиізат және бастапқы өңдеу өнімдері де, сондай-ақ ары қарайғы өткізуге қолдау көрсетіледі. Кешенді жұмыс жаңа өндірістерді құру, қолданыстағы кәсіпорындарды қосымша жүктеу, жаңартуға мүмкіндік береді.

«Қарапайым заттар экономикасын» ынталандыру экономикалық тұрғыда күрделі тұтыну тауарларының импортын алмастыру мақсатында қолға алынған. Негізгі басымдық өңдеу өнеркәсібіне аударылған, оған 400 млрд теңге бөлінген. Ақмола облысында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80%-ды құрайды. Кәсіпкерлерімізде жеңілдікпен несиеле аула үлкен мүмкіндіктері бар, бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамыз», – деді әкімның орынбасары Марат Иғалиев.

Бұдан бөлек агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін қайта өңдеу және өндіру бойынша жобаларға 100 млрд теңгеден бөлінген. Бағдарламаның негізгі қатысушылары – басымдық берілген тауарлар тізіміне кіретін өнімдерді шығаратын  шағын, орта және ірі кәсіпорындар.  Тізімге 365 аталым енген, соның ішінде ауыл шаруашылығы (49) және тамақ өнімдері (69), азық-түлік емес өнеркәсіп тауарлары (247) және қызмет көрсету (9) өнімдері. Бағдарламаға қатысу үшін осы тізімдегі тауардың бір түрін шығару жеткілікті.

 «Бастапқы кезеңде біз басымдық берілген тауарлар тізіміне сай келетін  өнімдерді шығаратын ақмолалық кәсіпорындар санын анықтап алдық. Бұл шамамен 3000 өндіріс. Соның ішінде АӨК, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, құрылыс жіне жиһаз өнеркәсібі бар. Алайда бұл толық тізім емес, жұмыс ары қарай жалғасуда. Банктердің басшылары кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қатысуға шақыруда. Бүгінде жобалық алқа қарауында жалпы сомасы 20 млрд теңгеге 19 жоба бар», – деді ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер