22 сәуірде елордада Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтеді
2019 жыл 22 сәуір күні Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инаның Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы және Корея Республикасының жоғары билік органдары өкілдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы, «Hilton» қонақүйінде Қазақстан-Корея бизнес форумы өтеді.
Форум жұмысына ұлттық компаниялар, экономиканың түрлі секторындағы қазақстандық және кореялық ірі бизнесінің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Корея бизнес-ортасының қызығушылығын есепке ала отырып, бұл іс-шара Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыру, екі ел арасындағы кәсіпкерлердің тәжірибе алмасу, іскерлік байланысты кеңейтуге, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған платформаға айналады.
Осыған байланысты жоғарыда аталған іс-шараға компаниялардың жетекшінің орынбасары лауазымынан төмен емес қызметтегі өкілдерін іс-шараға қатысу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.
Бизнес-форумға тіркелу мына сілтемеде.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: Әсел Байболова, .: +7 7172 279054 (ішкі: 207), email: a.baibolova@atameken.kz және Ибрагим Бекқалиев, тел.: +7 7172 279054 (ішкі: 221), i.bekkaliyev@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: