«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсудің басты факторларын атады

2019 жылғы 12 Сәуір
2737 просмотров

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Маңғыстау облысына барған сапары барысында өндіруші және өнімді сатып алатын кәсіпорындар арасында тығыз келісімділікті қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарланды Ақорда сайтында

Мемлекеттік сатып алулар, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» холдингі компанияларының және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары – Маңғыстау өңірінің және бүкіл елдің экономикалық дамуындағы маңызды факторы болуы тиіс.

 «Былтыр сатып алулардың ақшалай жиынтығы 10 триллион теңгеден асты. Бұл кәсіпорындарымыз үшін дайын және төлеуге қабілетті сұраныс... Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың қаражаты – Қазақстан азаматтарының төлеп отырған салығы екенін ерекше айтып өткім келеді. Сондықтан, бұл қаражат, бірінші кезекте қазақстандық индустрия және бизнесті дамыту мақсатында үнемді әрі тиімді пайдаланылуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Президент өнімді сатып алатын және қажетті тауарлар номенклатурасын өндіретін кәсіпорындар арасында тығыз келісімді жұмысты қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

 «Салалық министрліктер, холдингтер және әкімдіктерге негізгі тауар позицияларына сұраныстың орта мерзімді теңгерімін қалыптастыруды және сәйкес ақпаратты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберуді тапсырамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алынған ақпарат негізінде отандық кәсіпорындар тарапынан ұсыныстар теңгерімін дайындауы қажет. Бұл жұмысты жүйелі негізге қою керек. Қажет болса, Үкімет тиісті нормативтік актіні қабылдауы қажет. Өз кезегінде кәсіпорындарымыз импорт баламаларын алмастыра алатын бәсекеге қабілетті өнімдерді ұсынуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Президент мұнай саласына ғана үміт артып, өмір сүруге болмайтынын айтты. Заманауи дәуірде бұл ұтымсыз. Ұзақ мерзімді перспективада мұнайдың энергия ресурсы ретінде мәні төмендейді деп күтілуде, сондықтан қазірдің өзінде экономиканы әртараптандыру бойынша жұмысты белсендіру қажет.

 «Инвестициялар – өңірлердің экономикалық өсуі және әл-ауқатының негізі. Қолдағы мүмкіндіктер мен қорларды тиімдірек пайдаланған жөн. Еркін экономикалық аймақтар, атап айтқанда «Ақтау» теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы тартымды инвестициялық әлеуетке ие. Сондай-ақ, туризмнің дамуы мемлекет үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, бұл бағытта Маңғыстаудың сүбелі артықшылықтары бар. Еліміздің транзитті мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану – ұзақ мерзімді басым бағыттардың бірі болып табылады», – делінген Мемлекет басшысының Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзінде.

Президент шағын және орта бизнестің дамуы – жаңа жұмыс орындары, халықтың табысы мен өмір сүру сапасының  артуы екенін атап өтті.

 «Бүгінгі күні экономиканы несиелеу және пайыздық мөлшерлемелерді төмендетудің оң үрдісіне куә болып отырмыз. Жыл басынан өнеркәсіптегі жаңа несиелердің өсуі 40,3 пайызды, ал саудада – 17,6 пайызды құраған. Теңгелік несиелер бойынша мөлшерлемелер 12,4 пайызға дейін төмендеді. Мұндай тенденцияны сақтап, күшейту маңызды. Сондықтан Ұлттық Банкке биыл несиелеу мөлшерлемесін ары қарай төмендету және экономиканы қаржыландыру көлемін арттыру механизмдерін әзірлеуді тапсырамын. Бұл жұмысты үнемі назарда ұстау керек, және өзім бақылауға аламын да. Несиелердің, бірінші кезекте бизнеске қолжемтімділігін арттыру қажет», – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер