«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жібек жолы» базары: шығар жол бар

2019 жылғы 10 Сәуір
4052 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігі және бизнес арасында келіссөз жүргізу алаңын ұйымдастырды

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, Сауда кәсіпорындарының қауымдастығы, Шағын және орта бизнестің тәуелсіз кәсіподағы өкілдерінен құрылған делегация «Жібек жолы» базарына барды.

 Көшпелі кездесу барысында базар территориясы қаралып, әкімшілік пен және сауда алаңдарын 150-ден астам жалдаушыға түсіндірме жұмысы жүргізілді.

 «Әкімдік бизнеске қолдау көрсетуде. Диалог шеңберінде «Жібек жолы» базарының басшылығы базарды жаңғырту жөніндегі бағдарламаны екі апта ішінде жергілікті атқарушы органдарға беретіні туралы келісім жасалды. Бағдарлама мақұлданғаннан кейін нақты мерзім, шығындар мен жұмыс түрлерін белгілеу арқылы модернизациялаудың жол картасы және меморандумға қол қою жоспарланған. «Жібек жолы» базарын сүріп тастау туралы мәселе шешілуде. Алмата қаласы Кәсіпкерлер палатасы тараптар үшін келіссөз алаңын ұйымдастырып, ситуацияның шешілуіне атсалысады», – деді Алматы қаласы ӨКП директоры Бағдат Телебай.

Естеріңізге салсақ, Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы  «Жібек жолы» халықаралық сауда орталығы» ЖШС-на қатысты өз бетінше құрылыс салу және заңсыз салынған 40 нысанды сүруге мәжбүрлеу туралы  талап арызбен шықты. Аталған дау сот қарауында.

 «Жібек жолы» базары территориясында сауда объектілерін жалдап отырған 1700 кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы тарапынан «Жібек жолы» халықаралық сауда орталығы» ЖШС өкілдеріне қолдау ұсынды, атап айтқанда сотта мүдделерін қорғау және жергiлiктi атқарушы органдармен келiссөздер алаңын ұйымдастыруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер