«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер санитариялық-эпидемиология саласындағы өзгерістерге наразы

2019 жылғы 10 Сәуір
- Астана қаласы
5256 просмотров

 Шағын және орта бизнес өкілдері санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгертулер және толықтырулармен келіспейді. Бұл жаңашылдықтар 2019 жыл 11 сәуір күні күшіне енеді.

Заңнамаға енгізілген өзгертулер санитариялық-эпидемиологиялық нормаларын бұзу үшін айыппұлдар мөлшерін 8-13 есе ұлғаюын көздейді. Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-тармақшасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуына немесе улануына әкеп соқпаған бұзушылық  үшін айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-тен (25 250 теңге) 30 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 АЕК-тен (50 000 теңге) 230 АЕК-ке (580 750 теңге) немесе 11 есе, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК-тен (101 000 теңге) 310 АЕК-ке (782 750 теңге) немесе 8 есе; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК-тен (303 000 теңге) 1600 АЕК-ке (4 040 000 теңге) немесе 13 есе ұлғайтылды.

 «Мұндай өзгерістер бізді алаңдатады! Менде шағын мейрамханам бар, егер айыппұлдар ұлғайса, онда тағамдар құнын өсіру керек, бірақ мен олай істей алмаймын, өйткені мейрамхана орта табысы бар адамдарға арналған. Қазір мейрамхананы жабамын ба деген ойда тұрмын. Өйткені бұл саладағы тексерулер айыппұл салынбай аяқталмайтыны белгілі ғой», – деп шағымданды мейрамхана иесі Наталья Асратян.

Осы баптың 2-тармағында көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, айыппұлдар одан да жоғары: жеке тұлғара үшін өзгеріссіз 200 АЕК (505 000 теңге); шағын кәсіпкерлікке 300 АЕК-тен (757 500 теңге) 460 АЕК-ке дейін (1 161 500 теңге) немесе 1,5 есе; орта кәсіпкерлікке 400 АЕК-тен (1 010 000 теңге) 620 АЕК-ке дейін (1 565 500 теңге) немесе 1,5 есе өсіті; ірі кәсіпкерлікке өзгеріссіз 2000 АЕК (5 050 000 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

 Елордалық кәсіпкерлер заңнамада айыппұлдарды келтірілген залал бойынша жіктеу қарастырылмағаны алаңдатады. Яғни әкімшілік жазалау ұсақ немесе өрескел бұзушылыққа қарамастан бірдей көлемде салынады.

 «Менде жағымсыз тәжірибе бар, мейрамханама келіп тексеру жүргізілген. Біріншіден, тексеру қоғамдық орны ашылғаннан бері екінші жылда жасалды, ал мейрамханамды заң бойынша үш жыл бойы тексермеу керек. Термометр мен киім ілгіштің болмауы салдарынан бізге 45 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Ал жаңа заңнама бойынша біз 580 мың теңге төлер едік! Бұл үлкен сомаға ғой! Тіпті алғашқы 7 күнде 50 пайыздық жеңілдікпен төлесек те 250 мың теңге өте көп!», – деді кәсіпкер.

 Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары жоспарлы тексерулер хабарлама жіберіп жүргізілетінін айтты, онда тексерілетін объектілер жайында ақпарат бар әрі кәсіпкер тексеруге дейін 1 ай бойы дайындала алады. Бұдан бөлек қазіргі таңда Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінде кәсіпкерлерді шағын бұзушылықтар үшін айыппұлдан босату туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Алайда бұл өзгертулердің енгізілуі белгісіз. Осы ретте 425-бапқа өзгерістер мен толықтырулар жуырдағы бейсенбі күні күшіне енеді.

 «Бизнес өкілдеріне заңсыз тексерулерді болдыртпас үшін заңнаманы егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынамыз. 18 сәуір сағат 15:00-де астаналық Кәсіпкерлер палатасы мен Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті ШОБ субъектілерін санитариялық-эпидемиологияс аласы бойынша жоспарлы тексеру ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізеді. Келем деушілерге есік ашық», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП сарапшысы Айдар Таласбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер