Әлеуметтің қамы «Менің атамекенім» порталында
Бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Үкімет отырысының кезекті отырысын өткізді. Отырыстың екінші бөлігі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша қолға алынған «Әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша өрбіді.
Аяғынан тұрып, етек-жеңін жинаған бизнес өкілдері әлеумметтік көмек беруден еш уақытта бас тартпаған. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов үкімет отырысында осы бағыттағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.
«Кәсіпкерлер көбіне мақтана беруді, өзіне жарнама жасауды жөн көрмейді. Олар көбіне өз ауылына мектептер, спорт кешендерін салып, су мәселелерін шешуге, мүмкіндіктері шектеулі жандарға үнемі қол ұшын береді. Елбасының үндеуінен кейін «Атамекеннің» бастамасымен «Менің Атамекенім» порталы құрылған болатын. Бұл портал екі терезе бойынша жұмыс істейді. Біреуі «Маған көмек қажет», екіншісі «Көмек бергім келеді», - деді Басқарма Төрағасы.
Портал ашылғаннан бері 593 өтініш түскен екен. Пайызға шағар болсақ 36% баспана мәселесі бойынша көмек сұраған.
«Қостанай облысының кәсіпкерлері осы бір айдың ішінде 22 адамға баспана сыйлады. Алматы облысында 5 адам пәтерлі болды. Бұл порталдың ашылғанына көп уақыт өткен жоқ»,- деді Абылай Мырзахметов.
Басқарма Төрағасының айтуы бойынша кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға негізделген оң қадамдар жасалуда. Кейбір тігін цехтары үйде отырып тігін жұмысытарына тапсырыс алу мүмкіндіктерін ұсынса, үйде отырып бейнебақылау арқылы күзет қызметін атқаруға болатын қадамдар да жасалып жатыр екен.
Құрметті оқырман! «Менің Атамекенім» порталына өтіп, өз көмегіңізді сіз де көрсете аласыз. Өзіңіздің ыңғайыңыз бен шамаңызға қарай бір реттік көмек, болмаса жүйелі түрде үнемі көмек көрсете аласыз. Бүгінде көмекке зәру жандар аз емес. Көмек көрсету географиясы да өте ауқымды. Көмек көрсетуші тұлға сайт бойынша өзі таңдаған аймақтағтүсінікті болу үшін бірнеше мысал көрсете кетуді жөн санадық.
1. Павлодар облысы, Өспен ауданына қарасты Қаратай және Лозовое ауылы ауданнан қашық жатыр. Тұрғындарға жедел жәрдемнің уақытылы келуі қиындық тудырған. "БиК" шаруақожалығының жетекшісі Қуаныш Баймағамбетов осы ауылдарға екі жедел жәрдем көлігін сыйға тартқан.
2. Қостанай облысының кішкентай тұрғыны Әділбек тетрапарез ауруымен аурады. Челябинск қаласына барып, ДЦП диагнозы бойынша ем қабылдап қайту үшін жергілікті кәсіпкер Розинов Василий қаржылай көмек көрсеткен.
3. Анасынан айрылып, жетім қалған бес немересін бір бөлмелі үйге сыйғыза алмай отырған ақтөбелік әженің мәселесін «Айс+» сүт компаниясы шешіп берді. Олар әжей мен немерелеріне арнап хан сарайындай үй салып берген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: