«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада отандық киім өндірушілерінің көрмесі өтті

2019 жылғы 08 Сәуір
3771 просмотров

Енді отандық тауар өндірушілер көрмесі арқылы қазақстандық дизайнерлер ұсынған киім үлгілерін таңдап, сатып алуға болады.

Отандық өндірушілер көрмесін ұйымдастырушылар жастардан кем емес «жеке» өнімді көрсетуге тырысты. Бүгінде отандық брендтер импорт өнімдерінен кем түспейді, ал қазақстандық өнімнің басты артықшылығы – өзіндік стиль мен өнімнің жоғары сапасында.

Қазақстандық өндірушілер ерлер, әйелдер және балалар киім тізбектерін көрсетті, ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің фойесі сән әлеміне айналды. Іскерлік костюмдер мен корпоративті киім, күртешелер және әскери форма жастар назарына ұсынылды.  

Бұдан бөлек өндірушілер: «сапалы – демек қымбат» деген қатып қалған қағиданы жоққа шығарды. «Жасампаз» консорциумының атқарушы төрайымы Гүлмира Уахитованың айтуынша, отандық брендтер ұсынған бағалар қазақстандықтар үшін қолжетімді. Ал Қазақстанға сырттан тасымалданатын осы сападағы өнімдер көп жағдайда өте қымбат сатылады.

 «Өкінішке қарай, отандық брендтер туралы көпшілік біле бермейді. Қазақстанда мақта және аралас маталарды шығаратын өзінің текстиль кәсіпорындары бар. Бұдан бөлек бүгінде біз жеке маталарды шығаруға көшіп жатырмыз», – дейді Гүлмира Уахитова.

 Көрме «Атамекен» ҚР ҰКП, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Қазақстанда жасалған» өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ, ҚР Жеңіл өнеркәсіп өндірушілері одағы ұйымдастыруымен өтті.

 Айта кетелік, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау мен алға жылжыту мақсатында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жеңіл өнеркәсібін қолдау бойынша «Жол картасын» мақұлдады. Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатаы жанынан «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы жұмысын бастады.

Естеріңізге салсақ, 2019 жыл 7-8 маусым аралығында Астана қаласында «Көрме» орталығында жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің халықаралық күніне арналған «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіптің форум-көрмесі» іс шарасы өтеді.

 Сондай-ақ форум-көрме аясында «ALTYN OIMAQ-2019» киім дизайнерлері ұлттық байқауының (Ұлттық киім брендін әзірлеу бойынша дизайнерлер байқауы) қорытындысы шығарылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер