Алёна Романова «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының шешімімен Алёна Романова Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Алёна Владимировна Романова М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің түлегі, экономика магистрі, Ресей ғылым академиясы Экономика институтының аспирантурасында сырттай оқыған.
Қаржы және әлеуметтік-экономикалық салада, аналитика саласында тәжірибесі мол, білікті маман.
Кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтында экономикалық талдау саласынан бастаған. Жағдаяттық талдау және Дүниежүзілік экономика бөлімдерін басқарған.
2014-2018 жылдар аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика департаментінің директоры, Қаржы Хатшылығы секторы басшысы қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Канцелариясында Аналитикалық және жобаларды жетелеу әдістемелік орталығының жетекшісі лауазымында болған.
«Атамекен» тарапынан «Өз ісіне адалдығы үшін» медалімен, бірнеше алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапатталған.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында болған Юлия Якупбаева басқа жұмысқа ауысуы себепті қызметтен босатылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: