«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қаратал және Көксу аудандарында Кәсіпкерлер кеңесінің құрамы жаңартылды

2019 жылғы 04 Сәуір
- Жетісу облысы
2996 просмотров

 Қаратал және Көксу аудандарында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, бизнес-қоғамдастық өкілдері және аудандар әкімдерінің  қатысуымен Кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

 Қаратал ауданы Үштөбе қаласында кәсіпкерлер ӨКП директорының есебін тыңдады, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өз ұсыныстарын айтты. Қаратал ауданы Кәсіпкерлер кеңесі төрағасы мен мүшелері өкілеттілігінің мерзімі аяқталғаны себепті, ұйымның жаңа басшысы мен мүшелерін таңдау мақсатында сайлау жүргізілді. Ашық дауыс беру арқылы Кеңестің жаңа мүшелері таңдалды, сонымен қатар төраға қызметіне «Тамас» ЖШС директоры, мәслихат депутаты Асқар Пусурманов қайта сайланды.

 Көксу ауданы Балпық би ауылында ӨКП филиалы директорының 2018 жылы атқарылған жұмыс барысы жөніндегі есебі тыңдалды. Өкілеттілік мерзімі аяқталғанына байланысты жаңа төраға сайланып, Кеңес мүшелерінің құрамы жаңартылды. Ашық дауыс беру арқылы аудандық Кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысы болып «KOKSU S&M» ЖШС директоры Бақыт Арқабаев сайланды.

«Кәсіпкерлер кеңесі шеңберінде қатысу және жұмыс қағаз жүзінде болмауы керек. Аудандық кеңес – кәсіпкерлер мен билік арасындағы диалог алаңы. Сондықтан сіздер кәсіпкерлеріңіздің мәселелерін көтеріп, проблемаларды жою бойынша  шешімдер ұсынып, өңірлік бизнес мүддесі қозғалған түрлі комиссиялар мен комитеттерге белсенді қатысуларыңыз қажет», – деді Алматы облысы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова.

 Айта кетелік, Алматы облысы Өңірлік кеңесі, Кәсіпкерлер палатасы дирекциясы, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдары директорларының есеп беруі және кеңес төрағасы мен мүшелерін қайта сайлау жүріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер