«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Амандық Баталов Жетісу кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді

2019 жылғы 29 Наурыз
- Жетісу облысы
3389 просмотров

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесімен кездесті. Әкім мен кәсіпкерлер арасында ұйымдастырылатын «галстуксыз» кездесулер дәстүрге айналған. Ашық және бейресми жағдайда өткен әңгімелесуде кәсіпкерлік саласындағы жүйелі мәселелер айтылып, оларды шешу бойынша ұсыныстар талқыланды

Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова облыс басшысына бизнес өкілдерімен қолжетімді және етене жақын жұмыс істеу форматын қалыптастырғаны үшін алғысын білдірді.

«Аймақта әкімдік пен кәсіпкерлер арасында конструктивті диалог орнаған. Облыс басшылығының қолдауымен «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықта жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер тіркелу сәтінен бастап, жобаны іске асыруға дейінгі аралықты қамтитын сервистік қызметтер ала алады. Алдағы уақытта бірлесе бар күш-жігерімізді кәсіпкерлік саласының мәселелерін талқылау мен шешуге арнауымыз қажет», - деді Римма Салықова.

Өз кезегінде Амандық Баталов аймақтағы жетістіктер бизнестің қарқынды дамуымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық әлеуметік-экономикалық көрсеткіштердің оң дамуы байқалады. Өнеркәсіп өндірісінің үлесі 884 млрд теңгені құрады. Осының барлығы кәсіпкерлік саласының жемісті еңбегі», - деді облыс басшысы.

Сонымен бірге Амандық Баталов Мемлекет басшысының өңір әкімдерімен өткізген жиында берген тапсырмалары туралы айтты. Инвестицияларды тарту, іскерлік ахуалды жақсарту мәселелері әлі де өзекті және тұрақты түрде бақылауда екенін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы кәсіпкерлерден мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігі, аудандық және қалалық әкімдіктердің кәсіпкерлікті дамыту қызметіне қатысты пікірлерін сұрады.

Өңірлік кеңес мүшесі, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзулин жер мәселелері қатысты сұрақтарды көтерді. Соның ішінде байқаулар мен аукциондарды өткізу, жер заңмасын қолдану мәселелері өзекті болып тұрғанын жеткізді.  Кәсіпкерлер білім беру, мемлекеттік сатып алу, отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша сұрақтарды көтерді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов айтылған барлық сұрақтар шешу кеңінен зерттеліп, тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер