«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмендер «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсарту шараларын талқылады

2019 жылғы 28 Наурыз
2304 просмотров

Алматы қаласында «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсартуға бағытталған реформаларды түсіндіруге қатысты кездесуге 100-ден астам кәсіпкер қатысты

«Атамекен» ҚР ҰКП және бейінді ведомстволар ұйымдастырған іс-шара барысында бизнес өкілдері өз сұрақтарына толымды жауаптар алып, өкілетті мемлекеттік органдар және Ұлттық палата өкілдерімен түйткілді мәселелер жайында еркін форматта талқылау  өткізді.

 Кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк өкілдері, сонымен қатар «Реформатикс» ЖШҚ сарапшылары «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позицияларын жақсартуға бағытталған реформаларды таныстырды.

 Түсіндіру жұмыстары келесі индикаторлар бойынша жүргізілді:

  • Құрылыс жүргізуге, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға рұқсат алу;
  • Кәсіпорындар ашу, несие алу, миноритарлы инвесторларды қорғау;
  • Жеке мүлікті тіркеу, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • Халықаралық сауда, салық салу;
  • Төлеуге қабілетсіздікті шешу.

Естеріңізге салсақ, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгінде Қазақстан 28-орынға тұрақтады.

Аталған рейтингте Қазақстанның деңгейін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде – заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіліп, құқық қолдану практикасы қамтамасыз етілуде, кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

 Осы бағытта «Атамекен» ҰКП белсенді жұмыс атқаруда – халықаралық сарапшылардың ұсынымдары бірлесіп жүргізіліп жатыр, бизнес-қоғамдастықтардың шоғырланған позициясын қалыптастыруды қамтамасыз етіліп, кездесулер мен талқылаулар ұйымдастырылып, ҰКП-ға мүшелер арасында елде жүргізіліп жатқан реформалар бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер