«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Made in Aktobe: Кәсіпкерлер сұйық тұсқағаздар өндірісін жолға қойды

2019 жылғы 26 Наурыз
- Ақтөбе облысы
3759 просмотров

Кәсіпкерлер сұйық тұсқағаздарды дайындау технологиясын құрылыс саласында жиналған тәжірибе, сонымен қатар интернеттен алынған ақпарат арқылы игерген

Ағайынды Бекарыс Бегеев, Асқар Түлебаев және Ерлан Үмбетов – бизнестегі серіктестер. Ерлан Үмбетов металл қалдықтары мен механимздерден  ұсатқыш аппаратын өз қолымен құрастырған. Білдек текстиль қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Дәл осы қалдықтардан сұйық тұсқағаздарға арналған қоспа дайындалады. Барлығы түрлі өлшемдегі қаптарға қапталады. Қоспаны қолдану оңай. Оны суға езіп, тегіс қабырғаларға жағу жеткілікті. Қоспалардың түрлі түстері ұсынылады.

 «Текстиль қалдықтарын әзірге Оңтүстік Қазақстаннан алдыртып отырмыз, осы өңірден тасымалдау басқа өңірлерден гөрі арзанырақ. Дегенмен жергілікті тігін компаниялармен жұмыс істеуге қуанамыз. Қоспаларымыз ресейлік өнімнен еш кем түспейді, бағасы да арзан. Егер нарықта 1 келі қоспа 2600-11 000 теңге аралығында болса, біз 1 келіні 1000 теңгеге сатып жатырмыз. 1 келі қоспа 5-6 шаршы метр қабырғаға жетеді», – дейді Бекарыс Бегеев.  

Бір қызығы, қоспаның реңкі текстиль қалдығының түс гаммасына байланысты.

  Жігіттер сұйық тұсқағаздар өндірісін 2019 жылдың басында жолға қойды. Цехқа арналған орынжайды жалдап отыр. Бұдан бөлек бастауыш кәсіпкерлер шыны сынықтарынан минерал микс өндірісін, сонымен қатар пластик декоративті сылаққа арналған қоспаны әзірлеу мақсатында целлофан пакеттерін қайта өңдеуді қолға алмақ.

 Әзірге тұсқағаздарды сату кішігірім көлеммен жүруде, тапсырыс берушілер – туысқандар, дос-жараң және таныстар. Өндірісті жолға қоюға күш салынуда. Осыған байланысты кәсіпкерлер Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінім жасады. Өйткені өндіріс ешбір рұқсат құжаттарсыз жүргізіліп келген.

 «Біз бастауыш кәсіпкерлерге бизнесті жеке кәсікерлік немесе заңды тұлға ретінде тіркеуге көмектеспекпіз. Сонымен қатар «Бизнес-мектеп» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқуға ұсыныс жасадық. Ал тендерлерге қатысу және өнімді алға жылжыту үшін сапа сәйкестігін растайтын құжаттар керек.  Осы мәселе бойынша Палата сарапышлары кеңес береді.  Кез келген сұрақта біз жас кәсіпкерлерге көмек беруге дайынбыз», – деді ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев.

   Серіктестік орнату немесе тапсырыс жасау үшін кәсіпкерлердің байланыс телефондарын ұсынамыз:  +7 778 576 6137. Instagram-парақша: @eko_plasters


Еншілес ұйымдар

Серіктестер