Байқау! «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иеленуге өтінім қабылдау басталды
«Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иеленуге өтінім қабылдау басталғаны жайлы хабарлаймыз
Байқаудың басты мақсаты – отандық тауар өндірушілер мен экспортқа шығарылатын жоғары сапалы отандық өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ бренді арқылы насихаттай отырып, шетелде еліміздің танымалдығын барынша арттыру
«Ұлы дала елі» ортақ бренді – халықаралық нарықтарда елімізді танытып жүрген үздік отандық тауар өндіруші компанияларға беріледі.
Байқауға қатысушылар қандай критерийлерге сай болуы қажет?
- экспорт көлемінің үлесі шығарылатын бір өнім түрінің жалпы өндірісі көлемінен 10%-дан кем болмайтын;
- тауар өндіру, қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі кемінде 30%-ы құрайтын;
- халықаралық бизнес-қоғамдастықтардың мүшесі деп танылған;
- шығаратын өніміне лицензия, рұқсат құжаттары мен патенттері бар;
- халықаралық деңгейдегі марапаттар мен дипломдардың иегері;
- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қаржылай емес есептілікті жариялауда тәжірибесі бар компаниялар қатыса алады;
- сауда маркасының танымалдылығы, компанияның оң имиджі көрсетілген портфолионы қоса жіберуге болады.
Байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері де қатыса алады. Ал ол үшін қандай талаптарға сай болуы шарт?
- нарықта кемінде 3 жыл қызмет етіп отырған;
- жеке кәсіпкерлік субъектісін таратуды көздемейтін, банкрот деп танылмаған;
- өтінімде жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты барлық мәліметті дұрыс көрсеткен;
- Байқау комиссиясына өз кәсіпорнын көрсетіп, талдау жасауға мүмкіндік жасаған (кәсіпорынның қаражаты есебінен) жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Өтінімдер 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады
Байқаудың өткізілу тәртібімен танысыңыз:
- Байқауға қатысуға ниет танытқан компаниялар 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ережеге сай рәсімделген өтінім мен материалды (сканерден өткізілген) info@ulydalaeli.kz электрондық поштасына жіберуі керек;
- Байқау комиссиясы қатысушылардан келіп түскен барлық өтінімдерді қарап, олардың арасынан 12 үміткерді іріктеп алады;
- Комиссия құрамынан құралған бірнеше топ, аталған кәсіпорындарға барып (кәсіпорын есебінен), өтінімде көрсетілген ақпараттың растығын анықтайды;
- Комиссия жүргізген жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып, іріктеудің келесі кезеңіне өтетін 6 үміткерді анықтайды;
- Келесі кезеңге өткен 6 үміткердің тізімі «Атамекен» интернет-ресурсында жарияланып, онлайн-дауыс беру жүргізіледі;
- Ең көп дауыс жинаған компаниялар (кем дегенде үш компания) «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығына ие болады;
- Байқау лауреаттарына «Ұлы дала елі» ортақ брендінің эмблемасы мен диплом салтанатты марапаттау рәсімінде табысталады;
- Жеңімпаздарға «Ұлы дала елі» ортақ брендін 5 жыл мерзімде жарнамада қолдану құқығы беріледі.
«Ұлы дала елі» байқауына қатысты сұрақтарыңыз болса 8(7172) 919-300 (ішкі нөмір 1838); 8 (7172) 919-344 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: