«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Макулатураны сыртқа шығаруға қатысты мәселелер «Атамекен» қолдауымен шешілетін болады

2019 жылғы 26 Наурыз
2274 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдар, «Қазақстан қаптамашыларының қауымдастығы» ЗТБ өкілдері және целлюлоза-қағаз саласы кәсіпорындарының қатысуымен Қазақстан Республикасы аумағынан макулатураны сыртқа шығаруды әкімшіліктендіру мәселелеріне қатысты жиын өтті.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жыл 19 ақпандағы №89 «Қайта өңделетін қағаз, картон, макулатура және қалдықтарды сыртқа шығаруды реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы күшіне енді.

Талқылау шеңберінде «Қазақстан қаптамашыларының қауымдастығы» ЗТБ өкілдері отандық даму институттарын, сонымен қатар шетелдік және ішкі инвесторларды тартып, Қазақстанның батыс өңірлерінде макулатураны өңдеу бойынша зауыттарды ашуға қатысты мәселелерді қарастыруды ұсынды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан отандық өңдеушілер және макулатураны жинаушылар арасындағы өзара әрекеттестігіне мониторинг және талдау жүргізуге, Қазақстан Республикасы аумағынан макулатураны шығаруға байланысты түйткілді мәселелер бойныша жиындарды әр тоқсан сайын өткізуге дайын», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Арман Мәмбетаев.

 Аталған бұйрықтың қабылдануына «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастықтың Қазақстанның целлюлоза-қағаз өнеркәсібі үшін стратегиялық маңызды шикізатты сыртқа шығаруды шектеу бойынша бірлесіп атқарған жұмысы түрткі болды. Бұл бастаманы мемлекеттік органдар қолдады.

Бұйрықпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер