«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысы мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамтудың үлесі бойныша үшінші орында

2019 жылғы 20 Наурыз
- Қостанай облысы
6487 просмотров

Бұл жақсы көрсеткіш, бірақ оны ары қарай өсіру керек, деп санайды Мемлекеттік сатып алу саласындағы жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Қостанай облыстық комиссиясының мүшелері. Қазір осы мақсатта отандық тауар өндірушілер тізілімі және шығарылатын құрылыс өнімдері тізбегін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жергілікті қамту үлесі бойынша көш басында облыстың Денсаулық сақтау және дене тәрбиесі мен спорт басқармасы (86%) тұр, екінші орында – Білім беру басқармасы (78%), үшінші орында – Табиғи ресурстар басқармасы (73%) орналасқан.

 «Өңірдің мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесінің жалпы пайызы – 33%-ды құрайды. Қостанай облысы жергілікті қамту үлесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы және Маңғыстау облысынан кейін үшінші орында тұр. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде құрылыс материалдарын өндірушілерге К-қосымшасы жіберілді. Нәтижесінде 14 кәсіпорын құрылыс материалдардың түрлері бойынша бағалық ұсыныстарын жіберді. Олар «БК-Строй» ЖШС, «СТС-Цемент» ЖШС, «Қостанай МБИ» ЖШС, «Қостанай-Бетон» ЖШС және басқа компаниялар. Бағалық ұсыныстар материалдарды құрылыс кезінде пайдалану мақсатында барлық мердігерлік компанияға жіберілді», – деді Қостанай облысы ӨКП директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

Геннадий Кукобаның айтуынша, отандық тауар өндірушілер туралы ақпарттың болмауы бүкіл үдерісті тежеп тұр.

"Мәселен, «S.M.F.-SYSTEM» тоқылмаған материалдар фабрикасы» ЖШС полиэтилен құбырларын, геоторды шығарады. Көп адам мұны естіп, таң қалуда», – деді ол.

 Осындай ситуацияларды алдын алуға отандық тауар өндірушілердің тізілімі көмектеседі. Тізілімде жергілікті фирмалар және олар шығаратын өнімдер туралы ақпарат қамтылады. Қазіргі таңда тізілім әзірлену үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер