«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы

2019 жылғы 19 Наурыз
- Түркістан облысы
11536 просмотров

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен, Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына Дінмұхамед Әбсаттаров тағайындалды

Дінмұхамед Әбсаттаров 1978 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. 2001 жылы М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясын бітірген.

2005 жылы Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «инжинер-мұнайшы» мамандығын алған. Еңбек жолын 2001 жылы «Ақтөбе хром қосылыстар зауыты» акционерлік қоғамында экономист ретінде бастаған.

2002- 2003 жж. – Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің кеңесшісі.

2003-2004 жж. – Қызылорда облысы ауыл шаруашылық басқармасының бөлім меңгерушісі.

2004 - 2006 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы.

2004 -2006 жж. – Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі.

2006 -2010 жж. – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы директорының орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

2006-2011 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі көлік жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директорының орынбасары.

2011-2012 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

2012 ж. – басқарушы директор – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқарушы басқарма мүшесі.

2013 ж.  – Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры.

2014-2015 жж. – Басқарушы директор – «Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры.

2015 ж.  – «Атамекен» ҰКП басқармасының өңірлік мәселелер бойынша кеңесшісі.

2015 - 2016 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП тамақ өнеркәсібі және АӨК Комитеті хатшылығының хатшысының орынбасары.

2016 жж.– «Атамекен» ҚР ҰКП тамақ өнеркәсібі және АӨК департаменті директорының орынбасары.

2016- 2017 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП ШОБ дамыту Департаментінің директоры- атқарушы директоры.

2017-  2018 жж.  – Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры.

2018 ж.– «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының өңірлік сұрақтар бойынша кеңесшісі.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап – «Атамекен» ҚР ҰКП сауда Департаменті диекторы- атқарушы директоры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер