Кәсіпкерлер форумында сыбайлас жемқорлыққа байланысты сауалдар талқыланады
2019 жылдың 15 наурызында Астана қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтарға байланысты кәсіпкерлердің ІІІ Республикалық форумы өтеді.
Форум барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекеннің» 2018 жылға арналған Жол картасы бойынша атқарылған істері қорытындыланып, алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы бірлесіп атқаратын іс-әрекеттер жобалары талқыланатын болады.
Форумның басталу уақыты – 15.00. Форумды Atameken business телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Сондай-ақ, «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.
Өздеріңізді қызықтырған сұрақтар болса WhatsApp арқылы +77073506307 нөміріне немесе 112@atameken.kz электронды адресіне жолдай аласыздар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: