«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда қайырымдылық акциясы өтті

2019 жылғы 11 Наурыз
- Атырау облысы
5424 просмотров

Қайырымдылық акциясын Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі және қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған

Биыл Халықарылқ әйелдер күнін Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері отбасыларымен емес, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың аруларымен атап өтті. Халықтың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтарға қызмет көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясы қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Акция ұйымдастырушылары осы күні бірнеше топқа бөлініп, Атырау қаласында тұрып жатқан 350 әйелдің үйіне барды. Мерекеге орай әр әйелге гүл шоғы және азық-түлікке толы себет берілді.

 «Әр әйел қамқорлық пен назарға лайық. Мерекеге орай көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың аналарына аз болса да қуаныш сыйлағымыз келді. Атырау қаласы әкімдігімен бірге тізім құрдық, тізім бойынша 350 әйелге көмек көрсетілді. Қаражат жинадық, азы-түлік себептерін дайындап, аналардың өз қолдарына табыстадық. Акцияға белсенді қатысқан Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Күзет» ЖШС жетекшісі Гүлмира Жұмағалиеваны ерекше атап өткім келеді.  Жалпы Іскер әйелдер кеңесі қайырымдылық акцияларды тұрақты өткізеді. Мұқтаж жандарға көмектесуге тырысамыз. Мәселен, балаларды мектепке дайындаймыз, балалар үйлеріне барамыз, балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа аламыз, балалардың дұрыс күн тәртібін ұйымдастырамыз», – деді Атырау ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әлия Бекқожаева.

 Кеңес мүшелері қала тұрғына Надежда Липчанчукке қонаққа барды. Надежда үш баланы өзі тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана, қазіргі уақытта бала күтіміне байланысты жұмыссыз.

 «Акция ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді. Осындай қолдау бізге керек. Аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әр әйел бақытты болсыншы», – деді Надежда Липчанчук.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер