Қазақстандық бизнесмендерді Жапония, Германия және Ресей өндірісінде тағылымдамадан өтуге шақырады
«Экономика және басқару» қазақстандық білім беру орталығы бизнес-қоғамдастықтарды шетелдік тағылымдамаларға қатысуға шақырады. Халықаралық деңгейдегі тағылымдамалар өндірісті ұйымдастыру, сонымен қатар өнімнің бүкіл тіршілік кезеңінде өндірісті автоматтандыру мен цифрландыруға мүмкіндік береді
- Еңбек өнімділігін жоғарылату және Lean технологиялары. Ағымды өндіріс және үздіксіз циклды кәсіпорын: Көшбасшы тәжірибесі («ТехноНиколь» корпорациясы).
Тағылымдама барысында корпорацияның осы нәтижелерге қол жеткізуде жақсы тиімділік берген бағыттарда 10-жылдық тәжірибесі қаралады:
-Үнемді өндіріс – шығындарды азайту, үнемдеу емес, талдау және шығындарды дәйекті қысқарту.
- Өндірісті жолға қою, тұрақсыз нарықта жоспарлай білу.
- Құндылықтарды құру легін картаға түсіру: өзекті жағдай картасы – шығындарды анықтау – болашақ картасы/ құндылықтарды құру легінің қажетті жағдайы (жөнелтілім – өндіріс – шикізат, материалдар, жабдық);
1 жыл ішіндегі нәтиже.
-Жылдам қайта жөндеу.
-Стандартты операциялық процедуралар (СОП): СОП-ты ұсынуға талаптар, СОП картасының үлгілері.
-Жұмыс кеңістігін ұйымдастыру – 5C.
-Үздіксіз жақсарту: жақсартуды екі кезеңде жүргізу; қосымшалармен жұмыс, шешім қабылдау механизмі, қызметкерлерді жұмылдыру; жобалық кеңсе, ой-талқы.
-Кадрлық процестерді оңтайландыру – еңбек өнімділігін арттыру: «кадр өндірісі».
– Жалпы принциптер: бәсекелестерден озу үшін үш маңызды нәрсе – өнімнің жоғары сапасы, оны шығарудағы төмен шығындар, жоғары еңбек өнімділігі; көшбасшы артынан ер; қаражатты әзірлемелер және клиентке жұмса; «пилоттар» және басқа жобалар. Семинар жетекшілері, өндірістік алаңда сүйемелдеушілер – өндірістік жүйе дамуына және үнемді өндірісті енгізуге жауапты кәсіпорынның негізгі қызметкерлері.
Тағылымдама РФ Рязань қаласында 14-15 наурыз күндері өтеді.
- Германияда 4.0 Индустрияны дамыту (цифрлфқ өндіріс) тәжірибесі.
Тағылымдамаға қатысу арқылы 4-ші өнеркәсіптік революция шеңберінде жаһандық трендтермен: Smart Manufacturing өндірісімен, жоғары технологиялық өнеркәсіпке арналған жаңа бизнес-модельдермен цифрлық, «ақылды» болашақтың фабрикалармен танысуға болады.
Бағдарламаға мына мәселелер енген:
- Дигитализация және желілік бірлестік.
-Деректердің қолжетімділігі мен ашықтығы.
-Автоматтандыру мен автономдықты ұлғайту.
-Адам-машиналық әрекеттестіктің жаңа технологиялары.
Тағылымдама шеңберінде түрлі ауқымда, 4.0 Индустрия мүмкіндіктерін көрсетуге арналған түрлі салаларда, түрлі бейіндегі өндірістер және Siemens, Bosch, Festo, Kuka, Mercedes, Tebis сынды компаниялардың типіне арналған өндірісті ұйымдастыру кәсіпорындарына бару жоспарланған.
Тағылымдама Германияда 24-30 наурыз аралығында өтеді.
- «КамАЗ» кәсіпорнының өндіріс жүйесін дамыту және арық өндірісті енгізу тәжірибесі. КамАЗ өндірістік алаңдарына бару
Тағылымдаманың негізгі тақырыптары:
- SFM операциялық менеджмент жүйесі. Мүмкін болатын аз шығын кезінде тұтынушының қажеттіліктеріне жауап беретін стандартталған жұмыстың негізгі құралдары.
- КАМАЗдағы «Кіріктірілген сапа». «Сапа ілмектерін» енгізу арқылы сапаға жан-жақты көңіл бөлу.
-Кеңседе енгізілген үнемді өндіріс құралдары, кеңселік процестерді картаға түсіру. Кеңседегі түйткілді мәселелерді бақылау жүйесі.
-«Жабдықтарға жалпы техникалық қызмет көрсету» – Тауар, жұмыс, қызмет және SMED – «Жылдам қайта жөндеу» принциптері». Жабдық жұмысының тиімділігін есептеу.
-Қызметкерлерді үнемді өндірісі технологияларына оқыту әдістемесі.
Сонымен қатар мына өндірістік алаңдарға бару көзделген: престеу-жақтау зауыты (отын бактары учаскесі, дәнекерлеу учаскесі, тегістеу конвейері, дәнекерлеу учаскесінің логистикалық аймағы), Қозғалтқыштар зауыты (Есептеу-деректерді беру механизмі бар білдектер, КПП-ға арналған шестерналарды дайындау бойынша цех, құрастыру конвейері), Автоқұрастыру зауыты (қойма, оқу-өндірістік сыныбы, бас құрастыру конвейері), «Процестер фабрикасы» Lean production оқу бөлімшесі.
Тағылымдама Набережные Челны қаласында 9-10 сәуір күндері өтеді.
4.Toyota және жеткізушілердің өндірістік алаңдарына барумен қоса, Toyota Engineering Corporation (TEC) базасында үнемді өндірісті енгізу.
Бағдарлама «Экономика және басқару» білім беру орталығы қызметкерлері және Toyota Engineering Corporation жетекшілерімен әзірленген.
Тағылымдаманың негізгі мәселелері:
- Toyota Management System-нің үш құрауышы: Toyota Development-Production-Sales System.
-Негізгі процесс: адамдар мен жұмыс кеңістігін өзгерту арқылы компания әлеуетін кеңейтіп, мақсаттарды, процестерді, ресурстарды, нәтижелерді, пікірлерді визуализациялау.
- Design Development Management жобасы әзірлемесін басқару.
-Өндірістік шығындарды басқару.
-Жеткізілім тізбесін басқару.
-Өндірістік цикл уақытын қысқарту, жеткізушілермен әрекеттестік: сапа мен ырғақтылықты қамтамасыз ету.
Бағдарлама теориялық және практикалық оқытуды үйлестіруді көздейді. Аудиториядағы практикалық оқыту практикалық жаттығуларды орындау, модельденген және нақты өндірістік ситуацияларды талдаудан тұрады. Курс аяқталған соң тыңдаушылар қорытынды баға мен атаулы сертификаттарын алады.
Тағылымдама Токио және Нагоиде 12-20 сәуір аралығында өтеді.
Оқу ақылы, барлық сұрақтар бойынша: +7 707 980-8960; +7 7172 72 75 84, +7 771 099 74 74, +7 916 930 6819 conference@seminar.com.kz , evm@inbox.ru Валерия Денисова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: