ҚҰРМЕТТІ АРУЛАР!
Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің құлпырған нышаны болған арулар, әдемі мерекелеріңіз құтты болсын!
Елімізде қыз-келіншектер білімді де білікті, жұмыспен қатар отбасына, бала тәрбиесіне үлгереді, мемлекетіміздің өркендеуіне, экономикалық өсуіне, атсалысады. Арулар отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сақтаушы шаңырақ шырақшылары, өмір-өзенде ақыл мен парасат кемесімен жүзіп келе жатқан асыл жандар.
Қымбатты арулар, Сіздер барда әлем жақсылық пен сұлулыққа, мейірім мен шаттыққа тұнып тұрады. Шұғылалы көктемнің шуағы жылытып, мейірім мен берекеттің бастауы тек қуаныш сыйласын! Мереке құтты болсын!
Құрметпен, «Атамекен» ҚР ҰКП
Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев
Пікір қалдыру:
Пікірлер: