«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан-Мысыр инвестициялық бизнес-форумы өтті

2019 жылғы 06 Наурыз
3003 просмотров

Астанада Қазақстан-Мысыр инвестициялық бизнес-форумы өтті. Іс-шараға екі елдің ресми және бизнес құрылымдары қатысты.

Іс-шараны қазақстандық тараптан – ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстан Сыртқы сауда палатасы, Мысыр тарапынан – Мысыр Араб Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрлігі және Мысыр Араб Республикасы Индустриялық модернизациялау орталығы ұйымдастырды.

Бизнес-форумға Қазақстанның 100 ірі және орта компаниясы және 20-дан астам мысырлық компания өкілдері қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Әшікбаев, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Сыдықов, сонымен қатар «KIT» бизнес қауымдастығының атқарушы директоры Жақсылық Құлтұрсынов іс-шараның қазақстандық тарап бойынша спикерлері болды. Мысыр тарапынан Мысыр Араб Республикасының Сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ахмед Таха Борайе, Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Абдельхамид Эльрафи, сонымен қатар Мысыр Араб Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы Министр кеңсесінің саясат және стратегия мәселелері жөніндегі техникалық бөлім жетекшісі Тарек Кашвааның баяндамалары тыңдалды.

Бизнес-форум барысында қазақстандық және мысырлық кәсіпкерлер арасында фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс, текстиль өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы жабдығы өндірісі, туризм, инвестициялар сынды экономиканың салалары бойынша В2В форматында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Делегация құрамында «Assal furniture», «French Home», «Daltex», «Orion», «Happy Sweet for Food industries», «AGA», «Jana Agriculture», «Building Material Export Council», «Royal Ceramics», «Solyphar, Afri Medical», «TM unifrom and hotel supplies», «Bank Misr» компаниялары таныстырылды.

 Бизнес-форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, қазақстандық өнімнің (соның ішінде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдері) экспорттық әлеуеті, сонымен қатар  ҚР және Мысырдың сауда-экономикалық қарым-қатынасының перспективасы туралы айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер