«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Макулатураны сыртқа шығаруға тыйым салынды

2019 жылғы 05 Наурыз
8566 просмотров

Қазақстанда қайта өңделетін қағаз, картон және макулатураны сыртқа шығаруға екі жылға тыйым салынды. Аталған мәселе соңғы екі жыл бойы «Қазақстанның қаптамашылары қауымдастығымен» көтеріліп, сонымен қатар бейінді ведомство және «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдау тапты.

«Қазақстан қаптамашылары қауымдастығы» басқарма төрағысы Батырбек Әубәкіровтың айтуынша, бұл шара саланы сақтап қалуға (естеріңізге салсақ, елде әзірге шикізаттың балама түрі жоқ), сонымен қатар тікелей инвестициялық тартымдылыққа әсер етпек.

 «Үкімет пен «Атамекен» ҚР ҰКП осы мәселеде принципшіл позицияны ұстанып, бізге толықтай қолдау көрсетті. Біз өзіміздің өңдеуші зауыттарды қорғауға және осы саланы дамытуға дайын болдық», – деді Қазақстан қаптамашылары қауымдастығының басқарма төрағасы.  

 Бүгінде қазақстандық нарыққа түріктің ірі холдингі қызығушылық танытты, осыған орай шикізаттың болуы маңызды. Биыл Қазақстанда макулатураны өңдеу бойынша үш зауыт пайдалануға беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер