«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық дизайнерлер «ALTYN OIMAQ» байқауында бақ сынамақ

2019 жылғы 04 Наурыз
9185 просмотров

Қазақстанда жеңілөнеркәсіптің өсуіне барлық мүмкіндіктер жасалған және жылдан-жылға қарыштап даму үстінде. "Атамекен" ҚР ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев өз мақаласында айтып өткендей, соңғы 5 жылда Қазақстандағы киім-кешек импорты 85% құраған. Жеңіл өнеркәсібін қолдау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП отандық дизайнерлер арасында «ALTYN OIMAQ» байқауы басталатыны туралы хабарлайды.

Жобаның таныстырылымы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, Маңғыстау облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Маңғыстау облысы киім дизайнерлер Одағы» Қауымдастығының тең құрылтайшысы Диана Ботаева, «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қорының директоры Адиля Түгелдің қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде өтті.

 «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында киім өндірушілер және дизайнерлер арасындағы диалог пен ынтымақтастықтың кәсіби алаңын қалыптастыру – байқау міндеттерінің бірі. Бұл жайлы  2018 жылдың 11 желтоқсанында «Алтын сапа»  байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде де айтқан болатын. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша жеңілөнеркәсіп саласы бойынша Қазақстанда 992 кәсіпорын жұмыс істеуде.  Оның 13 ірі кәсіпорындарға жатса, 27 орта, 952 шағын кәсіп иелеріне тиесілі» , - деді Ләззат Рамазанова.

 Байқауды Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры ұйымдастырып отыр. «ALTYN OIMAQ» байқауының мақсаты киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін  қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру

«ALTYN OIMAQ» байқауына Қазақстанның кез-келген азаматы қатыса алады.

Қатысушыларға арналған аталымдар:  

1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;

2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;

3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;

4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;

5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».

«Біз отандық дизайнерлерге әлемдік деңгейдегі дизайнерлерден дәріс алу мүмкіндіктерін ұсынатын боламыз. Спикерлер мен тренерлердің арасында әлемге танымал сауда белгілерінің өкілдері болады «ALTYN OIMAQ» байқауы өзі бірнеше кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде өтінім қабылдау, өтінімдерді комиссия қарап, байқау лауреаттарын іріктейді. Екінші кезеңде үміткерлер қоғамдық онлайн-дауыс беруге қатысады. Үшінші кезең – Бас жүлдені тапсыру,  алты лауреаттың ішінен жеңімпаз таңдалады.  «ALTYN OIMAQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау 25 желтоқсанда өтеді»,- деді Диана Ботаева.

Байқауға қатысу үшін  www.fundwomen.kz сайтына кіріп, өтініш қалдыру жеткілікті.

 «ALTYN OIMAQ» байқауының Бас жүлдесіне алғашқы үміткерлер 2019 жыл маусымда Астанада өтетін Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер