«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті

2019 жылғы 02 Наурыз
- Алматы қаласы
3431 просмотров

Жеңіл өнеркәсіп өнім өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы және «Кенжехан-2» әмбебап базары бірлесіп өткізді.

Іс-шараға Алматы қаласы, Алматы облысы, Тараз және Қарағанды қаласынан 25-тен астам бизнесмен қатысты.

«Импортты алмастыру, отандық өнімнің танымалдығын арттыру мақсатында, осында көтерме саудамен айналысатын сатушыларға отандық өнім түрлерін таныстыру үшін біз көрме-жәрмеңкені ұйымдастырдық. Алматылық көтерме базар бүкіл Қазақстанға тауар жеткізетіні жасырын емес, егер біз қазақстандық кәсіпорындар мен көтерме сатушылар арасында сатылымдар туралы келісімге келсек, онда тағы бір тиімді өткізу арнасы пайда болады.  Бұл бірінші пилоттық жоба. Бұл базарлар көп жылдар бойы жұмыс істеп жатыр, ал өндіруші компаниялар 3-5 жыл бұрын ғана пайда болған. Егер жұмыс істеп жатқан сатушылар арқылы отандық өнімді сатуды ұйымдастырса, бұл жақсы нәтиже береді», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

Өндірушілер арнайы киім, униформа, медициналық киім, мектеп формасы, ұлттық киім, былғары аяқ киім, балалар киімі, нәски және колготкаларды ұсынды.

«Колготки өндіру үшін Италиядан жабдық сатып алдық. Өндірісте италиялық технологияны қолданамыз. Колготкиларымыз – жоғары сапа мен қолайлы бағаның қосындысы. Түрлі жіптерды қолдану арқылы жақсы эластикалық созылғыштыққа қол жеткіздік. Нәтижесінде – өніміміз сапалы және бәсекеге қабілетті», – деді «Пэри» ЖШС бас директоры Серік Ахметов.

 Сондай-ақ, көрме-жәрмеңкеге ары қарай бөлшектеп сату үшін отандық тауарды көтерме бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар 300-дан астам кәсіпкер қатысты.

«Атамекенмен» одақтасып, осындай шараларды ай сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгін ұсынылған тауарлар өте сапалы, ассортименті де көз жауын алады, бірақ бағасы жағынан келісу керек, көп нәрсе осыған байланысты. Бізде ұялмай көрсететін жақсы қазақстандық өнім баршылық», – деді «Кенжехан» базарының бас директоры Асқар Жәкібаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер