«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруалар ақпараттық жүйенің салдарынан 133 млн теңге субсидиядан қағылды

2019 жылғы 01 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9545 просмотров

СҚО Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өзінің кезекті отырысында «Лидер» фермерлік қожалығының басшысы Виктор Мамаевтың өтінімін қарады

Былтыр фермер 8 млн теңге көлемінде минералды тыңайтқыштарды сатып алуға субсидия ала алмаған. Шаруа егер сәйкес шаралар қабылданбаса, бұл оқиға биыл да қайталанады деп алаңдайды

Аққайын ауданындағы «Лидер» фермерлік қожалығы 2004 жылы құрылған. Шаруаның иелігінде 1000 гектардан астам жер бар. Былтыр астықтың сапасын арттыру мақсатында фермерлер 64 тонна «аммофос» тыңайтқышын сатып алды. Субсидяилаудың қағидаларына сәйкес тыңайтқыштарды сатып алуға кеткен шығындардың бір бөлігін, тоннасына жалпы 60 мыңнан астам теңге мемлекет тарапынан өтелуі тиіс. Алайда фермер өткен жыл үшін 4 млн теңгені әлі алмаған.

 «Былтырдан бастап минералды тыңайтқыштарды субсидиялау Субсидяилаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Демек, осындай жеңілдіктерді алу үшін осы жүйеде онлайн өтінім беру керек. Алайда, тіркеліп, жеңілдікке үміткер бола алмаймыз, өйткені біздің  БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) заңды тұлға деректеріне сәйкес келмейді. Біздегі бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2007 жылы берілген ескі үлгідегі нөмір. Енді бізді жаңа БСН үлгі бойынша тіркеуді сұраймыз», – деді Виктор Мамаев.

Тура осындай жағдайға Қызылжар ауданындағы «Золотилин С.А» фермерлік қожалығы тап болған. Бұл қожалық 12 шаруа қожалығын біріктіріп отыр. Олар іріленіп, көбірек табыс табуды жоспарлаған. Ал іс жүзінде керісінше болып шықты, дейді Максим Золотилин. Мұнда шаруаларда тіркелу жүйесінде шаруа қожалықтарында ешқандай жер тіркелмеген.

 «Фермерлік қожалық ретінде бізге бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілді, біз заңды тұлғамыз. Былтыр біз де субсидия ала алмадық, өйткені бағдарламада сәйкессіздіктер шыққан. Қолымызда бар егістіктер жеке тұлғалардың ЖСН нөміріне тіркелген. Біздің бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізгенде егіс алқаптары көрінбейді, демек факті бойынша бізде жер жоқ, сондықтан тыңайтқыштарды арзандатуға қатыса алмаймыз», – деді Максим Золотилин.  

Цифрландыру қарқынды жүріп жатыр, бірақ жағдай өзгерер емес. Бүгін ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруы 90 пайыздан асқан, бірақ электронды карталар мәселе шешкен жоқ. Жүйеде салықтық деректер толық емес, ЖСН мен БСН арасында айырмашылық жоқ. СҚО кәсіпкерлер палатасында осы мәселеге тап болған шаруа қожалықтар мен фермерліктердің саны 80-нен асып тұр.          

                                                           

 Былтыр олар 132 млн теңге көлемінде субсидияларды ала алмады. Аталған ақпараттық жүйені ҚР Ауыл шарушылығы министрлігі әзірлеген. Бұл жүйе түрлі ведомстволарда шаруа қожалықтар және фермерлік қожалықтар туралы деректерді біріктіріп, жинау керек болатын. Өкінішке қарай, осы органдар арасындағы интеграция орын алмады. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетінде салық төлеушілер туралы ақпаратты жария еткісі келмейді, өйткені бұл ақпарат салық құпиясы болып табылады.

 «Бұл мәселені, кәсіпкерлер тиіс субсидияларды ала алмай отырғанын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жедел түрде жеткізу керек. Бұдан бөлек, біз бас прокуратураға шағымданбақпыз, бұл орган мәселені зерттеп, Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті нұсқама жазуы керек, өйткені министрлік аталған жүйеге тапсырыс беруші. Егер мәселенің шешілуі тежелсе, онда оны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы деңгейінде, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құқығы бұзылғаны туралы, олар шығындалып жатқанын көтеретін боламыз», – деді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл жөніндегі кеңестің төрағасы.

 Айта кетелік, биыл аталған жүйе арқылы минералды тыңайтқыштарға субсидиялардан бөлек арзандатылған  дизель отынына, гербицидтерге өтінімдер беріліп, сонымен қатар Қазагро институттары арқылы инвестсубсидиялар жүргізіледі. Сондықтан Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл жөніндегі кеңесте бұл ситуацияның тез шешілуіне атсалысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер