«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Органикалық өнімдердің әлемдік нарығында Қазақстанның мүмкіндіктері қандай?

2019 жылғы 01 Наурыз
6086 просмотров

Қазақстандық нарықтың органикалық өнімге қарай қайта бағдарлануы мәселесі «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілік орталығы ұйымдастырған семинар барысында қаралды

Бүгінде Қазақстанда сұлы, зығыр, күнбағыс және емдік шөптерді өсіруге бағдарланған органикалық өнімді шығаратын 60 өндіруші бар. Бұл Қостанай, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындар. Әзірге Қазақстанда шығарылатын эко-өнімнің көлемі бойынша статистика жоқ, оған бақылауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті жүзеге асырады.

 Алайда, Еуропа нарығына экспортқа шығу үшін өнімді сертификаттау керек. Бизнеске арналған экспорттық процедураларды түсіндіру бойынша жұмысқа арналған қызметкерлерді қайта дайындау мақсатында «Біліктілік орталығы», ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу комитеті және Органикалық өнім өндірушілер одағы бірлесіп, Литвадан сарапшылардың қатысуымен бірнеше семинар өткізді.

Отандық өнімді сертификаттайтын небәрі 15 ұйым бары анықталды. Бізге жақын орталықтар Киев, Вильнюс және Германияда орналасқан.  Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда мұндай орталық бар, бірақ сұранысы жоқ.

 «Орталық жұмыс істеген 1,5 жыл ішінде бірде бір сертификат берілмеді. Бәрі оңай, Орталық бар, бірақ Еуропалық одақтан аккредиттеуден өтпеген. Еуропаның позициясы: «өнімдеріңіз таза екенімен келісеміз, бірақ дәлелі қажет». Біз Германияда болдық, ондағы мамандар әр мемлекеттің Еуропалық одақта аккредиттеуден өткен  жеке сертификаттау орталығы болуы керектігін растап отыр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП «Біліктілік орталығы» ЖШС директоры Арсен Керімбеков.

 Виргиния Лукшене – қазақстандық өнімдерді сертификаттаумен айналысатын «Ekoagros» литвалық компанияның сарапшысы сертификаттау процесі қалай жүретіні жайында айтты. Еуропа мен АҚШ-та негізгі принцип – химикаттардан арылу және қоршаған ортаны қорғау.

«Инспекторымыз шаруашылыққа барып, тексеру жүргізеді, хаттама толтырып, қайтадан мекемеге қайтады. Зертханада органикалық өндірістік басты талаптарына сәйкес келу бойынша сараптамалық қорытындыға баға беріледі. Егер сәйкес келсе, онда органикалық өнімге сертификат беріледі. Сертификат екі жылға жарамды», – деді  Виргиния Лукшене.  

Алайда, «тәуекелдігі жоғары» мәртебесі бар Қазақстанда тексеру екі мәрте жүргізіледі.

 «Қазақстан «тәуекелі жоғары» елдердің бірі болып танылғандықтан, Еуропалық одақтың талабы бойынша міндетті түрде екі тексеру жүргізіліп, өнімнің сынамасы алынады. Процес бір жыл бойы жүреді», – деді Виргиния Лукшене.  

Арсен Керімбаевтың айтуынша, бүгінде адал жұмыс істеу проблемаға айналған. Әдетте алаяқтар көш басында жүреді. Қазақстан «Тәуекелі жоғары» мәртебесін Ресей және Украина сынды нормаларға сәйкес келмейтін био-өнімдерді сатуға талпынған уақтытта алған.

 Қазіргі таңда Қазақстан еуропалық елдерге жылына жалпы сомасы 10 млн еуро көлемінде өнім жеткізеді. Сарапшының айтуынша, еліміздің әлеуеті жылына 200 млн еуро, экспортқа кедергі – сертификаттау мен зертханалық зерттеулердің қымбатшылығы. Осы ретте Германияның өзінде қажеттілік жылына 10 млрд еуроны құрайды, ал өндіріс оның бестен бір бөлігін ғана қамти алады. Сертификаттаудың орташа құны кәсіпкерден кем дегенде 5 мың еуроны талап етеді.

 «Атамекен» сертификаттау үдерісін арзандату бойынша алдына міндет қойды. Органикалық өндіріске көшу үш жыл уақытты алады, өйткені үшінші өнім ғана сатылымға жіберіледі. Осы уақыт аралығында табыс таппайсың. Еуропада осы кезең аралығында шаруа субсидиялар алады, бірақ субсидиялардың бізге керегі жоқ», – деді Арсен Керімбеков.

Спикер Қазақстанда био-өндіріс бойынша мемлекеттік бағдарламаны құрудың қажеттілігі жоқ екенін айтты. Маман ірі қара етін экспорттау бағдарламасын жүзеге асыруды мысалға келтірді.

 «Ірі қара етін экспорттауға 10 жыл ішінде субсидиялау мен қолдауға  1 млрд еуро қаражат кетті, ал экспорт жылына 50 млн еуродан аспай тұр. Бағдарлама болса, әкімдіктер бизнес алдына оны жүзеге асыру бойынша міндет қояды. Ал органикалық өндіріске өту ерікті болуы керек. Қайталап айтамын, біздің әлеует жылына 200 млн еуро», – деді Арсен Керімбеков.

Органикалық өндіріске қатысты мұндай семинарларды Петропавлда 5-6 наурыз, Көкшетауда 11-13 наурыз, Павлодарда 18-19 наурыз күндері өткізу жоспарланған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер