«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Берекелі кәсіптің берері көп

2019 жылғы 27 Ақпан
- Түркістан облысы
5927 просмотров

Бастау жобасы қолға алынғалы талай адам екі қолға бір күрек тауып,  өз кәсібін ашуда. Кәсіпке бет бұрғандардың дені қыз-келіншектер. Нәзік жандылардың  еліміздің экономискасының дамуына үлес қосып жатқандары қуантады

Тәтті бизнес

Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны Гүлбахар Жекеева бірнеше жылдар бойы қаламыздағы ауруханалардың бірінде медбике болып жұмыс істеген.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасы туралы естіген ол, арманын жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік салаға бет бұруды ойлайды.

Осылайша, бір айлық курсқа қатысып, кәсіпкерліктің қыр сырын үйренген Гүлбахар түркістандықтар үшін тың өнім – қуырылған балмұздақ шығаруды ойлайды. Палата сарапшылары бизнес жоспарын әзірлеп, жобасын толық сүйемелдеп, нәтижесінде кәсіпкер қайтарымсыз 240 мың теңге көлемінде грант ұтып алады.

Қуырылған балмұздақты жасауға арналған «Фризер» деп аталатын құрылғыны 200 мың теңгеге сатып алған. Қалған қаржыны сүт өнімі, жеміс-жидектер сатып алуға жұмсаған.

«Осы іспен айналысатын кәсіпкерлермен жүздесіп, қуырылған балмұздақтың жасалу технологиясымен таныстым. Қаламызға осы технологияны әкелсем мол табыс табуға болады деген ой туындады. Қазір ісім алға басып, өз жемісін беруде», – деді жеке кәсіпкер Гүлбахар Абатқызы.

Ою ойып, құрақ тігіп..

Сайрамдық Әсем Жақсылық неше түрлі құрақ құрайтын қас шебер. 2018 жылдың «Бастау» жобасының соңғы легінің түлегі. Жас та болса өз шеберханасын ашуды мақсат еткен бойжеткен, Палата сарапшыларының толық сүйемелдеуімен қайтарымыз гранқа қол жеткізеді.

Қазір, қажетті тігін мәшинесін алып, ауыл тұрғындарының тапсырыстарын қабылдауды бастап кеткен.

«Тұрғындарға қазақтың ою-өрнекті көрпелерін, киіз үй жабдықтарын заманға сай әзірлеу біздің басты алда тұрған мақсатымыз. Тұрмысқа шығып жатқан қыз-келіншектердің қыз жасауларына тапсырыстар көптеп түсуде. Алдағы уақытта тігінші мамандығы бар жастарды жұмысқа қабылдаймыз деген ойымызда жоқ емес, – деді кәсіпкер.

 Тапсырыс беруші мата түрлерінде шеберханадан таңдап, өз қалауынша тіктіре алады.

Екі қап ұннан басталған кәсіп

Перизат Есенова Түркістан қаласының тұрғыны. Алғаш кәсібін кішкене бөлмеде екі қап ұннан бастаған кәсіпкер, нан, тәтті тоқаштар пісіріп бастаған.

2013 жылы Кәсіпкерлер палатасы көмегімен жеңілдетілген несеге қол жеткізіп, нан жабуға арналған пеш сатып алады. Іс бастау оңайға соқпаған, десе де береке тірліктің арқасында өз мақсатына жеткен. Қазір Преизаттың «Ғажайып нан» атты наубайханасы күніне 6 тонна нан өнімдерімен қоса, тәтті тоқаштар да пісіреді. Түркістандықтардың 20 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде. Шағын цехта 15 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 

«Екі қап ұннан басталған кәсібім бүгінде үлкен іске айналды. Қазір бәрі компьютерлі болғандықтан,оңай, жеңіл болды. Нанды саламыз, піскенде өзі белгі береді. Тапырыстарымыз да көп», – дейді кәсіпкер әйел.

Нан бар жерде ән, сән бар. Ас атасы нанды, 35 минуттың ішінде 280 градуста пісіріп шығарады. Цехтың иесі болашақта нан өнімінің көлемін ұлғайтып, жұмысшылар санын көбейтуді көздейді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер