Аяқ киімді таңбалау: ЕАЭО делегациясы үдеріспен танысты
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының мүшесі Юлия Якупбаева ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобының отырысына қатысты
21 ақпан күні Еуразиялық Экономикалық комиссияның алаңында өткен Таңбалау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы шеңберінде қатысушылар мәскеулік «Парижская коммуна» аяқ киім фабрикасына баруды ұйымдастырды.
«Парижская коммуна» аяқ киім фабрикасы жылына 1 миллионнан астам жұп аяқ киім шығарады, түрлі бағалық категорияда өнімнің бірнеше түрін өндіреді. Өз кезегінде компанияның өнімі ресейлік және еуропалық нарықтарға шығарылған.
Кәсіпорынға бару барысында мүше мемлекеттердің өкілдері Ресей тарапы «Парижская коммуна» үлгісінде жүргізіп жатқан аяқ киім өнімін таңбалау үдерісімен танысты. «Парижская коммуна» ерікті негізде аяқ киім өнімін таңбалау бойынша эксперименттің қатысушысы.
Компания берген ақпаратқа сәйкес таңбалау бойынша экспериментке қатысу үшін қажет болатыны:
- GS1 қауымдастығымен келісімді қарым-қатынас;
- «Келешекті технологияларды дамыту орталығы» таңбалау жүйесінің ақпараттық операторымен келісімшарт;
-эмиссияны тіркеуіші, тапсырмаларды басқару станциясы және DataMatrix кодымен этикеткаларды бастыру және сканерлеуге арналған жабдықтың болуы.
Келешекті технологияларды дамыту орталығы мамандарының түсіндіруі бойынша эксперимент барысында өндірушілер немесе импортерлер аяқ киім қорабына немесе тауарлық белгіге DataMatrix екімөлшерлі цифрлық кодты басатын болады, бұл код – өндірістен бастап тауардың айналымнан шығуына дейінгі әр жұп аяқ киімнің жүру жолын бақылауға мүмкіндік береді.
Ресейлік тарап ұсынған ақпараттың нәтижесінде таңбалау кодын алу және оны басу үдерісі келесідей алгоритмге ие:
- Тапсырмаларды басқару станциясында таңбалау кодтарының санын анықтауға тапсырыс қалыптасады (тапсырыста барлық қажетті ақпарат бар).
- Тапсырысқа жауап ретінде басқару жүйесіне таңбалаудың өндірілген кодтары келіп түседі, олар ары қарай DataMatrix форматына ауыстырылып, басудан кейін әр аяқ киім өніміне бастырылады.
Ары қарайғы барлық жұмыс таңбаланған тауардың тіршілік ету циклы туралы ақпаратты сканерлеу және беруге түйістіріледі. Өндіруші марканы бастырады және өнімді айналымға шығарады, дистрибьютер өнімді қабылдап алу және тауар жүгін түсіруді жүзеге асырады, ал тауар бөлшек саудада онлайн кассалық аппарат арқылы айналымнан шығарылады.
Анықтама үшін:
Ресей Федерациясында аяқ киім өнімін таңбалау бойынша эксперимент 2018 жыл 1 маусымда іске қосылды және 2019 жыл 1 шілдеге дейін жалғасады. Қазіргі уақытта таңбалау үдерісінің барлық негізгі құрауыштары сыналған. Атап айтқанда: кодты генерациялау (келесі топтардан құралады: GTIN, бірегей сериялық код, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 4 белгісі және тексеру коды) код эмиссиясы, баспа және кодты бастыру. Пилоттық жобаға 200-ден астам компания қатысып жатыр, 3 млн-нан астам код генерацияланды, оның ішінде 95%-ы импорттаушыларға берілді. Осы ретте коды бар марканы тұтынушылық қаптамаға, тауар белгісіне, сонымен қатар аяқ киімнің өзіне бастырып алуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: